Соңғы жаңалықтар
Парламент • 29 Тамыз, 2017
Қ. Тоқаев Пагуош конференциясының жабылу салтанатына қатысты
Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Пагуош ғалымдар қозғалысының «Жаңа ядролық қауіп-қатерге қарсы іс-қимыл» атты 62-ші конференциясының жабылу салтанатына қатысты.
Қазақстан • 29 Тамыз, 2017
Елордада «Оңтүстік өнімдері» тауарөндірушілердің көрмесі өтуде
Елордасы – Астанада бүгіннен басталған Оңтүстік Қазақстан облысының күндері аясында «Оңтүстік өнімдері» тауарөндірушілердің көрмесі ашылды. Жиынға қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев барша келушілерге алғысын білдіре отырып, күнгейлік көрме арқылы өңірдің инвестициялық және туристік әлеуетімен танысуға мүмкіндіктің мол екенін айтты.
Президент • 29 Тамыз, 2017
Нұрсұлтан Назарбаев ядролық қаруға ие елдердің саммитін өткізуді ұсынды
Қазақстан аумағында құрылған Халықаралық төмен байытылған уран банкін ресми ашу салтанатында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ядролық қаруға ие елдердің саммитін өткізуді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Президент • 29 Тамыз, 2017
Назарбаев МАГАТЭ-нің бас директорымен кездесті
Нұрсұлтан Назарбаев Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) бас директоры Юкия Аманомен кездесті. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
Қазақстан • 29 Тамыз, 2017
Оңтүстіктің елордалықтарға жеті ерекше тартуы бар
«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Астана қаласында өтетін Оңтүстік Қазақстан облысының күндері аясында Оңтүстіктің жеті ерекше тартуы бар. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтты.
ЭКСПО-2017 • 29 Тамыз, 2017
ОҚО-ның Астанада өткізген форумында 6 меморандумға қол қойылды
Бүгін Астана қаласында Оңтүстік Қазақстан облысының күндері аясында «Ontustik Business: Мүмкіндіктер мен әлеует» атты бизнес-форум.болып өтті.
Үкімет • 29 Тамыз, 2017
Ерболат Досаев вице-премьер болып тағайындалды
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министрдің орынбасары қызметіне Ерболат Досаевты тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
Технология • 29 Тамыз, 2017
Hyperloop капсуласын бұрын соңды болмаған жылдамдыққа жеткізді
Америкалық бизнесмен Илон Маск Twitter-дегі парақшасында Hyperloop жолаушы капсуласы прототипінің видеосын жариялады.
Қазақстан • 29 Тамыз, 2017
Алматы қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің келісімімен Алмас Мәдиев Лондонның экономика және саяси ғылымдар мектебіне оқуға түскен Ерлан Әукеновтың біржарым жылдық оқу демалысы мерзіміне Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 29 Тамыз, 2017
Оңтүстіктен Астанаға 1500 құнды жәдігер келді
Астана қаласындағы этноауылда Оңтүстік Қазақстан облысы күндерінің шеңберінде өңір қолөнершілерінің құнды шығармаларынан жасақталған «Құтты өлке қолөнері» атты көрме өтуде.
Президент • 29 Тамыз, 2017
Назарбаев Төмен байытылған уран банкін ашты
Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан аумағында құрылған Халықаралық төмен байытылған уран банкін ресми ашты. Салтанатты шара барысында Қазақстан Президенті МАГАТЭ-нің бас директоры Юкия Аманоға банктің символдық кілтін табыс етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан • 29 Тамыз, 2017
Әдіқалықова Еуропа қайта құру және даму банкінің вице-президентімен кездесті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Еуропа қайта құру және даму банкінің вице-президенті, Ықтимал қатерлерді еңсеру мәселесі жөніндегі директоры Элизабет Нельсонмен кездесті. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
Үкімет • 29 Тамыз, 2017
Асқар Жұмағалиев Премьер-Министрдің орынбасары қызметіне тағайындалды
Асқар Жұмағалиев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы akorda.kz хабарлайды.
Кәсіпқой бокс • 29 Тамыз, 2017
Боксшы Фируза Шәріпова Қазақстанның рекордтар кітабына енді
Кәсіпқой бокстан әлем чемпионы атанған Фируза Шәріпова Қазақстанның рекордтар кітабына енді. Бұл туралы «QAZSPORT» телеарнасы хабарлады.
Қазақстан • 29 Тамыз, 2017
Білім және ғылым вице-министрі тағайындалды
ҚР Үкіметінің қаулысымен Асхат Аймағамбетов Эльмира Сұханбердиеваның уақытша демалысқа кетуіне байланысты Қазақстан Республикасы білім және ғылым вице-министрі қызметіне уақытша тағайындалды.
Технология • 29 Тамыз, 2017
Apple iPhone 8 таныстырылымын 12 қыркүйекте өткізеді
Бұл күні компания бірден үш жаңа смартфонын таныстырады, деп хабарлайды The Wall Street Journal.
Аймақтар • 29 Тамыз, 2017
Қостанай облысын «Саламатты Қазақстан» пойызы аралауды бастады
Денсаулық сақтау министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі және «ҚТЖ» мемлекеттік республикалық кәсіпорны бірігіп ұйымдастырған «Саламатты Қазақстан» әлеуметтік пойызы Қостанай облысын аралауды бастады.
ЭКСПО-2017 • 29 Тамыз, 2017
Астанадағы Оңтүстік Қазақстанның күндері аясында 43 мәдени іс-шара өткізіледі
«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Астана қаласында 29 тамыз бен 3 қыркүйек күндері Оңтүстік Қазақстан облысының күндері өтеді.
Аймақтар • 29 Тамыз, 2017
Кейкі батырдың табаны тиген жерлерге баспасөз туры ұйымдастырылды
Арқалық қалалық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысы бойынша, Арқалық қаласындағы «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығы «Ауылым–алтын бесігім» әлеуметтік жобасының шеңберінде Кейкі батырдың табаны тиген тарихи жерлерге баспасөз турын ұйымдастырды. Үш күнге созылған бұл шараға жастар көшбасшылары, БАҚ өкілдері, өлкетанушылар, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, орталықтың мамандары қатысты.
Білім • 29 Тамыз, 2017
Ағылшын тілін оқу алдындағы психологиялық дайындық
Ағылшын тілін меңгеру – мектеп жасынан өтіп, университетті бітіріп, бүгінде жұмыс істеп жүрген азаматтарға өте қиын шаруа. Біреудің қаражаты жеткіліксіз, біреудің уақыты аз, ал біреуде ерік-жігер жетіспейді. Отбасылы жандарға тіпті қиын. Алайда нарық заңы қатал, өз дегенін жасайды: тіл білсең сапалы білім аласың, өсесің, жалақың артады, үлкен мүмкіндіктер ашылады; білмесең бәсекеге қабілетсіз боласың да қаласың. Дегенмен, жоғарыда аталған түрлі қиындықтарға қарамастан, тіл үйренуге әлі де кеш емес. Бастысы – тіл оқуға психологиялық тұрғыда дайын болу.
Аймақтар • 29 Тамыз, 2017
Керекуге кіреберісте Павлодар деген жазу пайда болды
Облыс орталығына кіреберісте қаланың солтүстік тұсында Павлодар деген жазу пайда болды.
Үкімет • 29 Тамыз, 2017
2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы қабылданды
Бүгін Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің отырысында қаржы министрі Бақыт Сұлтанов «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңның негізгі параметрлерін таныстырды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Аймақтар • 29 Тамыз, 2017
Жас кәсіпкерлер «Жастар бизнес-тағылымдамалары» жобасына қатысты
Талдықорған қаласында Астана мен Алматы қалалары және республиканың қалған 13 өңірінен келген барлығы 30 жас кәсіпкерлер қатысуымен жастар бизнес-тағылымдамалары жобасы өтті.
Үкімет • 29 Тамыз, 2017
Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысы аясында 2018-2022 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мен негізгі басымдықтары қаралды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Аймақтар • 29 Тамыз, 2017
Қызылордада мұғалімдердің тамыз конференциясы өтті
Бүгін Қызылордада білім саласы қызметкерлерінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы – білімнің үлесі» тақырыбындағы дәстүрлі тамыз конференциясы өтті. Конференция қорытындысында аймақ ұстаздары облыс әкімінің, ҚР Білім және ғылым министрлігінің наградаларымен марапатталды. Сонымен қатар Қызылорда қаласындағы Серғали Толыбеков атындағы №3 мектеп-лицей ұжымына 17 млн. теңгенің сертификаты табысталды.
Үкімет • 29 Тамыз, 2017
Үкіметте 2018–2020 жылдарға арналған бюджеттік параметрлер мен Ұлттық қор болжамы қаралды
ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2018-2020 жылдарға арналған бюджеттік параметрлер мен Ұлттық қор болжамы қаралды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Президент • 29 Тамыз, 2017
Назарбаев ҚР сот жүйесi жөніндегі ережелердi бекiту туралы Жарлығына өзгерістер енгізді
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен ҚР сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
Қазақстан • 29 Тамыз, 2017
Алтын Орда хандығына тиесілі жәдігер
Орал қаласының тұрғыны Анаргүл Әмірова өзіне атасы Мырзағалидің аманаттап кеткен мұрасы – көне жалаудың ХІ-ХІV ғасырлардағы әйгілі Алтын Орда хандығына тиесілі екенін айтады.
Жазғы спорт • 29 Тамыз, 2017
Универсиада-2017. Қазақстан қоржынында 14 медаль
Тайпейде өтіп жатқан ХХІХ Жазғы универсиаданың тоғызыншы жарыс күнінде қазақстандық жеңіл атлет Сергей Григорьев сырықпен секіруден 5 метр 50 сантиметрді бағындырып, күміс жүлде жеңіп алды.
Аймақтар • 29 Тамыз, 2017
Кентауға көгілдір отын беріледі
Осыдан екі-үш жыл бұрын «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралды газ құбыры Түркістан қаласының іргесіне қазығын қаққан болатын. Көгілдір отын атшаптырым жерде болғанымен қалаға құбыр кіргізіп, әр үйге тарату үлкен қаржыны талап ететін жұмыс.