Соңғы жаңалықтар
Қоғамды тану сол қоғамда өмір сүріп жатқан адамды танудан басталмақ. Ал адамды тану үшін әуелі оның тәрбиеленген отбасы, ошақ қасы қандай, соған көңіл аударамыз.
Қазақ қаламгері қай жолды таңдайды?
Қазақстанда 800 жазушы бар екен. Маңдайынан шертіп санап шыққан жоқпыз, жобалап айтқанда осынша адам қаламгерлер санатында есепте тұратын болса керек. Бұл деректерге деген қызғушылығымыз да аяқ астынан ояна кетті.
ЭКСПО-2017 • 10 Тамыз, 2017
Астананың айшықты келбеті әлемге көрсетіледі
Әлемге белгілі, 450 миллион көрермені бар «National Geographic» телеарнасы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің басты нысаны – «Нұр әлем» сферасы туралы деректі фильм түсірді.
ЭКСПО-2017 • 09 Тамыз, 2017
ЭКСПО-2017 көрмесі алаңында Гвинея Республикасы ұлттық күнін атап өтті.
ЭКСПО-2017 • 09 Тамыз, 2017
Астанада Flying Steps би тобының кеші өтті
ЭКСПО-2017 көрмесі аумағында дүние жүзіне танымал Flying Steps би тобы қала тұрғындары мен қонақтарына концерт өткізді.
Әдебиет • 09 Тамыз, 2017
Атақты ғалым Тұрсынбек Кәкішұлын алты алашта білмейтін, танымайтын қазақ жоққа тән. Солай десек те, марқасқа кісі жайлы мәлімет бере кету артық болмас. Тұрсекең 1927 жылы тамыз айының 15-ші жұлдызында Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Бөрлі ауылында туған. Әйгілі әдебиет зерттеуші, филология ғылымдарының докторы, Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткер. Қазақ, кеңес әдебиеті тарихын екі тілде жазып, кітап етіп шығаруға атсалысқан ғалым. Әсіресе, біртуар тұлға Сәкен Сейфуллиннің өнегелі өмірі мен шынайы шығармашылығын ғылыми тұрғыдан зерттеуге біраз ғибратты ғұмырын арнаған.
Президент • 09 Тамыз, 2017
Елбасы қатысуымен құқық қорғау жүйесін реформалау мәселелері жөніндегі кеңес өтті
Кеңеске Президент Әкімшілігінің Басшысы Ә.Жақсыбеков, Жоғарғы сот төрағасы Қ.Мәми, Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Т.Донақов, Бас прокурор Ж.Асанов, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы К.Мәсімов, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қ.Қожамжаров, Ішкі істер министрі Қ.Қасымов, Әділет министрі М.Бекетаев, Қаржы министрі Б.Сұлтанов қатысты.
Аймақтар • 09 Тамыз, 2017
ОҚО-дағы ішкі көлік жолдарын дамыту экономикалық байланыстарды жақсартады
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкент қаласы аумағындағы жол-құрылыс нысандарын аралап, бүгінгі ахуалымен танысты.
Қаржы • 09 Тамыз, 2017
Грузия Қазақстанға қарызын қыркүйектен бастап төлейді
Грузия Қазақстанға қарызын алдағы қыркүйектен бастап төлейді. Бұл туралы Қазақстанның Грузиядағы Төтенше және өкілетті елшісі Ермұхамет Ертісбаев Астанада өткен баспасөз жиынында мәлімдеді.
Қазақстан • 09 Тамыз, 2017
2019 жылы медициналық ұйымдар қағазсыз жұмыс форматына көшеді
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда медициналық ұйымдар қағазсыз жұмыс форматына көшеді. Бұл туралы Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева хабарлады.
Аймақтар • 09 Тамыз, 2017
«Туған елге саяхат» туристік пойызы Түркістанға келді
Бүгін «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейіне «Астана-Ақтау-Түркістан–Алматы-Астана» бағдарымен сапар шеккен «Туған елге саяхат» теміржол туристік пойызымен 200-ден астам бала келді, деп хабарлайды «Әзірет Сұлтан» қорық музейінің баспасөз қызметі.
Аймақтар • 09 Тамыз, 2017
СҚО-да сэлфиге түспек болған оқушы токқа түсіп қалды
Солтүстікқазақстандық 15 жасар жасөспірімнің селфиге әуестігі соншалық, жоғары вольтті бағанаға өрмелеп шыққан.
Аймақтар • 09 Тамыз, 2017
Атырауда жауынгерлік жекпе-жек фестивалі өтеді
«Atyrau Sport Fest 2017» жауынгерлік жекпе-жек фестивалі спорт күніне орай ұйымдастырылады,- деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникация қызметі.
Білім • 09 Тамыз, 2017
Астана мектептерінде оқу маусымы 2 қыркүйекте басталады
Елордада жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанат 2 қыркүйекте өтеді. Бұл туралы Астана қалалық Білім басқармасының баспасөз хатшысы Жазира Асанова хабарлады.
Қазақстан • 09 Тамыз, 2017
Астанада жыл аяғына дейін 111 апатты үй бұзылады
Астанада соңғы үш жылдың ішінде 117 апатты тұрғын үй күрелді. Осы жылдың соңына дейін тағы 111 үй бұзылып, 1850 тұрғын жаңа баспанасына қоныстанады деп жоспарланып отыр, — деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.
Жазғы спорт • 09 Тамыз, 2017
Павлодарда шаңғы жарысынан жазғы чемпионат өтеді
10 тамызда Павлодарда жасөспірімдер мен қыздар арасында шаңғы жарысынан Қазақстан Республикасының жазғы чемпионаты өтеді. Жарысқа Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларының жас шаңғышылары қатысады.
Аймақтар • 09 Тамыз, 2017
Алматылықтар көршілес жатқан Қытайдағы жер сілкінісін сезінді.
Үстіміздегі жылы халқымыздың біртуар азаматтарының бірі, Отан соғысының ардагері, соғыстан кейін еліміздің өңірлерін өркендетуге ат салысқан, одан кейін он төрт жыл бойы республикамыздың Министрлер Кеңесінің төрағасы қызметін атқарған, Жоғарғы Кеңес Төралқасын басқарған дарынды тұлға – Бәйкен Әшімұлы Әшімовтің туғанына 100 жыл толады.
Медицина • 09 Тамыз, 2017
Сана тазармай, дала тазармайды
Қазір әлемде ауыз судың тазалығынан асқан байлық бар ма? Сусыз өмір сүрудің мүмкін еместігін айтып, тіпті ауыз ауыртпай-ақ қоялық. Алайда, елді мекендер маңындағы өзен-көлдердің маңынан өтсеңіз, халық көп жүретін арықтардың айналасын қарасаңыз жаныңыз неге жабырқайды? Ең алдымен ақыл-парасаттың иесі адамзаттың табаны тиген жерлер таза болуы керек емес пе еді. Әттең, көп жерде жағдай кереғар болып тұрғаны өкінішті.
Аймақтар • 09 Тамыз, 2017
Түркістанның түпкілікті тұрғыны болғысы келетіндер көбейді
Түркістан қаласынан жүз шақырым қашықтықта, теңіз деңгейінен 1300 метр биіктікте орналасқан сарқырама-үңгір «Жылаған ата» деп аталады. Сарқырама атаулыңыздан су үзілмейтіні мәлім, ал «Жылаған атадан» су белгілі бір уақыт көлемінде ғана ағады. Ешқандай уақытқа бағынбайтын тылсым, нағыз жұмбақ сарқырама. Сарқырамаға барған әрбір адам келген сәтінен судың аққан және тоқтаған мезеттерін көргісі келеді.
Топырағын түртсең, тарлан тарихтан сыр шертетін қазақ жерінің әр пұшпағы қасиетті. Бабалар жолы мен аталар аманатының куәгеріндей көне жәдігерді әр тұстан табуға болады. Міне, сондай ескі бекініс Қызылорда облысының Шиелі ауданынан табылды.
Медицина • 09 Тамыз, 2017
Ұзын сөздің қысқасы, айналып келгенде психологтар ұзын көйлектердің әйелді нәзік етіп көрсететініне тоқтады-ау. Ішкі түйсікпен шалбар киетін бикештерді ер-азаматтар қарсылас ретінде қабылдап қалуы мүмкін екен. Сондықтан енді арнайы тренингтерде сән мамандары нәзік болмыс иелеріне ұзын көйлек киюге кеңес беруде.
Тәрбие • 09 Тамыз, 2017
Қиялдағы күйеу, аспандағы ару...
Мейлі, ер-азамат болсын, мейлі, әйел болсын, кейде өмірдегі жоқ адамды іздейді. Ай десе аузы, Күн десе көзі бар қыздар оң жақта отырып қалатыны несі? Болмаса, саналы десең саналы, білімді десең білімді жігіттер неге сүр бойдақтардың санатынан суырыла алмайды? Өзімізді құдіреттімін деп есептейтін болуымыз керек, қиялдағы күйеуді армандаймыз... Жер бетінде жоқ аруды аңсаймыз.
Медицина • 09 Тамыз, 2017
Әр адам өз мәселесін өзі ғана шешеді
«Үйлену оңай, үй болу қиын». Ертеден келе жатқан есті сөз. Отбасылық өмірде күрмеуі қиын түрлі жағдай кездесетіні белгілі. Соңғы кездері осындай түйткілді проблеманың түйінін тарқату үшін психологқа жүгінетіндер де бар. Өйткені, «шағын мемлекетті» сақтап қалу үшін баратын қадам бұл. Жоғары санатты маман, тәжірибелі психолог Марал Сарбасқызымен әңгімелескенде отбасылық қатынас психологиясына қатысты біраз мәселеден хабардар болдық.
Мұхтар Әуезовтің белгісіз хаты
Биылғы жылы 120 жылдық мерейлі тойы аталып өткелі отырған ұлы суреткер, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезовтің бұрындары жарияланбаған, күні бүгінге дейін беймәлім болып келген қолжазбаларын «Мұхтар Әуезовтің шығармашылық мұраларындағы беймәлім материалдарды зерттеу, жүйелеу, жариялау» атты ғылыми жоба негізінде зерттеп жүрген «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығының ғылыми ұжымы жақында үлкен бір рухани қазынаға кез болды. Жазушы мұражайындағы қолжазбалар қорындағы №618 папкадан ұлы суреткерге Саратов қаласындағы кеңестік кезеңде кеңінен насихатталып, идеал тұтқан тарихи тұлға, орыс революционер-демократы, ғалым, жазушы, философ, әлеуметтанушы, әдебиет сыншысы Николай Гаврилович Чернышевскийдің туған жеріндегі музей-мұражайының директоры, оның тікелей ұрпағы, немересі Нина Михайловна Чернышевскаяның 2 хаты, кейін бас жағындағы мәтіндері жоқ, соңғы беттері ғана бар тағы 2 хатының мәтіні табылды.
ЭКСПО-2017 • 09 Тамыз, 2017
Көрмеден алған әсеріміз шексіз
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне баруға күні бұрын дайындалып, билет сатып алған күні ұлым мен қызымның қуанышында шек болмады. Теледидардан қызықтағаны өз алдына, көзбен көргеннің жөні мүлдем бөлек қой. Күн санап жүрді. Шынында да 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым қатысуға зор ынта білдірген, баламалы энергия мен «жасыл» технологияның заманауи жетістіктері насихатталатын шараны тамашалау пешенеге жазыла бермейтін бір бақыт екенін кейін сезіндім.
ЭКСПО-2017 • 09 Тамыз, 2017
Ресей – EXPO-2017 Football Cup чемпионы
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне арналған спорттық шаралар ішіндегі шоқтығы биігі EXPO-2017 Football Cup турнирі болды десек қателеспейміз. Бұлай деуге себеп, Астанаға өткен ғасырдың 90-шы және 2000-шы жылдары әлем жанкүйерлерін аузына қаратқан футбол жұлдыздары ат арытып келді. Мысалы, олардың арасында Эрнан Креспо, Жан-Пьер Папен, Нуну Валенте, Бруну Баштю, Сергей Кирьяков, Беньямин Лаут, Манфред Кальтц, Марко Дельвеккио, Манише және Анджело Ди Ливио сынды саңлақтар болды.
ЭКСПО-2017 • 09 Тамыз, 2017
Кеше ЭКСПО-2017 алаңында қандай шаралар өтті?
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында Қытай Халық Республикасының павильонында Хэнань провинциясының күндері салтанатты жағдайда ашылды.
Қазақстан • 09 Тамыз, 2017
Қазақстан мұсылман әлеміне үлгі-өнеге бола алады
«Ислам әлемі» деген атаудың өзі шартты сипатқа ие екені белгілі. Бұл атау геосаяси мағынада мұсылман халықтар мекендеген немесе халқының басым көпшілігі мұсылман болып саналатын елдерді меңзейді. Мәдени тұрғыдан ислам өркениетін, мұсылмандар қоғамдастығын білдіреді.
Әлем • 09 Тамыз, 2017
Санкциялардың астарында не жатыр?
АҚШ президенті Дональд Трамп өткен сәрсенбіде Ресейге қарсы жаңа санкцияларды көздейтін заңға қол қойды. Ресми түрде ол заң «АҚШ-тың жауларына санкциялар арқылы жауап» деп аталады және көршімізден бөлек Иран мен Корей Халық Демократиялық Республикасына қарсы экономикалық, саяси және дипломатиялық санкцияларды енгізуді қарастырады. Трамптың әкімшілігі Ақ үйдің ресми сайтында заңға қатысты «АҚШ конституциясына қайшы әрі президенттің билігін шектеуге бағытталған заң», бірақ «ел бірлігін сақтау үшін» президент Трамп оған қол қойды», – деген мәлімдеме жасады. Ал Bloomberg басылымы секілді бұқаралық ақпарат құралдары болса, бұл мәлімдемені Трамптың Ресеймен жақындасуына қарсы қадам ретінде бағалауда. Бұл заңның шынайы себебін түсіну үшін Конгресс пен Ақ үйдің саяси жүйедегі арасалмағына назар аударған жөн.