Соңғы жаңалықтар
Балаға гаджет қаншалықты қажет?..
Бүгінде телефонсыз, әсіресе, ішінде не керегіңнің бәрі бар смартфондар мен планшеттерсіз өмірді көзге елестетудің өзі қиынға айналып бара жатқан сияқты. Керек десеңіз, телефон қазіргі уақытта байланыс құралы ғана емес, сонымен бірге, жаңалықтарды жеткізетін ақпарат көзінің, тіпті уақыт өткізетін «ойыншықтың» да рөлін атқара бастады.
Қазақстан • 18 Қаңтар, 2017
Қытай Орталық Азияның көгілдір отынына көз тігеді
Өткен 2016 жылдың қорытындысы бойынша, Қытай экономикасы үшін Орталық Азияның табиғи газының маңызы арта түсті. Қытайдың Түрікменстандағы елшісінің өткен аптада айтқан бірқатар сандық деректеріне көз жүгіртсек, Қытай түрікмен газының ең ірі импорттаушысына айналыпты.
Медицина • 18 Қаңтар, 2017
Абай орталығы қамқорлықсыз қалды
Көзінің тірісінде «мыңмен жалғыз алысқан» Абайдың рухы бүгінде миллиондармен шарпысып әлек. Тарқатып айтсақ, алты жыл бұрын Алмахан Мұхаметқалиқызы Арқаның төсіндегі Астана қаласынан Абайтану орталығын ашқан. Сүйіншілі хабарды жарыса жазғанымыз көп оқырманның есінде. Қазақстан—Ресей университетінің ішінен ірге қалаған музей жұмысы ә дегеннен жанданып сала берді. Абайға жанашыр, ұлттың ертеңін ойлаған әр өңірдегі азаматтар қолдарындағы барымен бөлісті, экспонаттарын ұсынды, кітаптарын тарту етті. Аз уақыттың ішінде қос бөлмелі музей үш мыңға жуық құнды дүниелермен, тарихи жәдігерлермен, деректі фильмдер таспаларымен толықты.
Медицина • 18 Қаңтар, 2017
Алтайдың дәрілік шөптерін қалай кәдеге жаратамыз?
«Көргенде көз, көңілдің Алтай емі» деп Иса ақын Байзақов жырлағандай, асқақ Алтай, асқар Алтай, маңғаз Алтай – адам жанының ғана емес, тәнінің де емшісі ғой, шіркін! Бүгінде еліміздің, әлемнің түкпір-түкпірінен ағылып жатқан туристің Алтайдан іздейтіні сол саф тазалық, содан тарайтын, содан қуаттанатын дәру, шипа емес пе! Алтайдың алқымын жапқан ағашының да, сай-саласында өрген аң-құсының да, жерге жайылған жасыл кілемінің де, салқын самал ауасының да ем болатыны ең алдымен Алтайдың өсімдік дүниесінің алуан түрлілігінен болса керек. Өйткені, Алтайдың флорасы өте бай. Тау жартастары мен ну орманда мүк, қына, саңырауқұлақ сияқты өсімдіктердің екі мыңнан астам түрі өседі. Шөптесін өсімдіктерден алтай желайдары, сібір у шырмауығы, тәтті жапырақты таспа, алтай қоңыраты жиі кездеседі. Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген қар дәуаяғы, алтай рауғашы, алтай және сібір қандығы, ала күлтелі қызғалдақ, ірі гүлді және кәдімгі шолпанкебістер, алтай суықшөбі, таңдамалы плаун, алтай торсылдағы, дала шұғылығы, қызғылт семізот, марал түбірі, алтай қасқыржидегі тек Катонқарағай өңірінде өсетін ен байлық. Бұталардың 50-ден астам түрі, оның ішінде таңқурай, қарақат, итмұрын, тобылғы, тал, бұта қайың және тағы басқа түрлері жетерлік.
Бизнес • 18 Қаңтар, 2017
Кино — бұл бизнес. Егер фильмнен пайда түспесе, киноиндустрияның дамуы да екіталай. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді.
Президент • 18 Қаңтар, 2017
Ақорда Елбасының БАӘ-не барған видеосын жариялады
Ақорданың баспасөз қызметі Нұрсұлтан Назарбаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне барған видеосын жариялады.