бала
Қоғам • 12 Наурыз, 2024
«Бәленбай мың еуро берген»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты тың деректі жариялады
Бельгиялық отбасы асырап алған қазақ баласы Жәнібектің заңды өкілі, журналист Қымбат Досжан желіде тағы жазба жариялап, тың дерегін бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Наурыз, 2024
Шри-Ланкада Қазақстанның 16 жастағы азаматы көз жұмды
Сыртқы істер министрлігі Шри-Ланкада Қазақстанның 16 жастағы азаматы қайтыс болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 09 Наурыз, 2024
«Тасбақа жеп, жан тапсырды»: Балалар қайтыс болып, ересектер уланды
Танзания елінің Занзибар аймағындағы Пемба аралында теңіз тасбақасының етін жеген 8 бала көз жұмып, 78 ересек адам уланып қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Наурыз, 2024
«Жастар Рухы» ерекше балалардың аналарына шеберлік сағатын ұйымдастырды
«AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» жастар қанатының мүшелері «Жас жауынгер» дене шынықтыру-сауықтыру клубында спортпен шұғылданатын ерекше қажеттілігі бар балалардың аналарын Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, сурет салу және қыш бұйымдар жасаудан шеберлік сағатын ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Наурыз, 2024
Ақтауда 73 көпбалалы ана «Күміс алқа» иегері атанды
8 Наурыз мерекесіне орай, Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырған іс-шарада қала әкімінің орынбасары Нұртас Сәли мереке иелерін құттықтады. Іс-шарада 73 көпбалалы анаға «Күміс алқа» төсбелгісі табысталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Наурыз, 2024
Жетісу облысында өртеніп жатқан үйден екі бала құтқарылды
Бүгін Жетісу облысы Алакөл ауданы Үшарал қаласында көппәтерлі тұрғын үйден өрт шықты. Өрт сөндірушілер келгенге дейін 40 азамат, оның ішінде 16 бала тұрғын үйден өз бетінше эвакуацияланған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әйел әлемі • 06 Наурыз, 2024
Елордада 70-тен астам көпбалалы ана марапатталды
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Астананың барлық ауданында 70-тен астам көпбалалы ана «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерімен марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 06 Наурыз, 2024
Әр балаға 70 мың теңге беріле ме? Министрлік жауап берді
Әлеуметтік желіде осы жылдың шілде айынан бастап әр балаға 70 мың теңге көлемінде жәрдемақы беріледі деген хабарлама тарады. Ақпараттың анық-қанығын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен сұрап білдік, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 06 Наурыз, 2024
Әйелдердің тісін емдеу үшін жәрдемақы берілуі мүмкін
Депутат Ерлан Саиров Мәжілістің бүгінгі отырысында ана капиталына назар аударып, ұрпақ өрбітетін аналардың денсаулығына қаржылай қолдау көрсету мақсатында бала туу жасындағы әйелдерге тісін емдету үшін бірреттік жәрдемақы беруді ұсынды. Ол осы мазмұндағы сауалын Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсеноваға жолдады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 06 Наурыз, 2024
Екібастұзда Балалар шығармашылығы орталығы ашылады
Павлодар облысына жұмыс сапары аясында Премьер-министр Олжас Бектенов Екібастұздағы жаңа Балалар шығармашылығы сарайының құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 04 Наурыз, 2024
8 наурызға орай аналарға жәрдемақы беріледі
Халықаралық әйелдер күніне орай көпбалалы аналарға бір реттік материалдық төлем беріледі. Алайда жәрдемақы бүкіл ел аумағын қамтымайды. Тек 5 облыстың әкімдігі «Алтын алқа», «Күміс алқа» иеленген батыр аналарға қаржылай құттықтау жолдамақ. Жәрдемақының жиынтығы өңірлердің бюджетіне қарай әртүрлі есептеледі, деп жазады Egemen.kz 1tvkz-ке сілтеме жасап.
Қоғам • 04 Наурыз, 2024
Бағдат Мусин туған күніне орай балаларынан ерекше сыйлық алды
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин әлеуметтік желіде туған күніне орай балаларынан қандай сыйлық алғанын көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 03 Наурыз, 2024
Қостанайда балаға қол көтерген балабақша тәрбиешісі жұмыстан шығарылды
Қостанайдағы балабақшалардың бірінде тәрбиеші кішкентай бүлдіршінге қол көтерген. Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарап кетті. Бұл фактіні Қостанай облыстық білім басқармасы растады, деп хабарлайды Egemen.kz «Азаттық рухы» сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 01 Наурыз, 2024
«Өзім де толқып кеттім». Жәнібек Савельев жетім балаларға ерекше тосынсый жасады
20 жыл бұрын бельгиялық әйел асырап алған қазақ баласы Қазақстанға қайта келді. Жәнібек Савельев 28 ақпан күні «Мың алғыс» іс-шарасына қатысып, туған анасын іздеуге қол ұшын созып жатқан жандарға ризашылығын білдірді. Ал бүгін ол Балалар ауылына барып, әкесіз, анасыз өсіп жатқан бүлдіршіндерге сыйлық үлестірді, деп жазады Egemen.kz.
Құтқарушы • 01 Наурыз, 2024
Құрбысын құтқаруға көмек шақырып үлгерген 7 жасар бала марапатталды
Астанада қасындағы баланы құтқаруға уақтылы көмек шақырған 7 жасар бала марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Сенат • 29 Ақпан, 2024
Синтетикалық есірткі көлемі тоннаға жетті – сенатор
Сенатор Геннадий Шиповских Үкімет басшысы Олжас Бектеновтың атына депутаттық сауал жолдап, елде синтетикалық есірткінің таралу проблемасы ушығып бара жатқанына алаңдаушылық білдірді, деп жазады Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 29 Ақпан, 2024
«Біріне жүрек, біріне бауыр». Бір адамның ағза мүшелері 4 адамды аман алып қалды
Тағдыр тәлкегіне түскен жандарды жалғыз қалдыру − қазақ жұрты үшін жат дүние. Сөзімен сүйеп, әрекетімен демеп жіберетін қайырымды қасиет қанда бар. Ежелден жеткен үрдістің үзілмегеніне айналамыздағы оқиғалар айғақ. Мәселен, биыл 7-рет өткен «Мың алғыс» қайырымдылық жобасы бұған дейін 25 отбасыға баспана кілтін табыстаса, денесін түрлі дерт дендеген 350-ге жуық адамға қол ұшын созды. Бастамашысы «Қазақ радиолары» болған дәстүрлі іс-шара осы жылы да тосын сыйларға толы болды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 28 Ақпан, 2024
Қазақстанда 1 наурыздан бастап не өзгереді?
Биылғы наурыз айы тарихи оқиға мен бірқатар экономикалық өзгеріске толы болмақ. Қазақ халқы үшін ежелден жаңару, жыл бастауы болған айға осы жылы Рамазан уақыты да тұспа-тұс келіп тұр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 27 Ақпан, 2024
Көпбалалы отбасыға қанша жәрдемақы берілгені белгілі болды
2024 жылдың қаңтар айында көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақымен 571,6 мың отбасы қамтылып, жалпы сомасы 38,1 млрд теңге мөлшерінде қаржы жұмсалды, деп жазады Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 27 Ақпан, 2024
Қазақстанда 23 мыңнан астам үкіметтік емес ұйым бар - министр
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева үкіметтік емес ұйым өкілдерін құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 24 Ақпан, 2024
Digital Farabi II форумы: Студенттер мен оқушылар инновациялық жобаларын таныстырды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдығына орай Digital Farabi II халықаралық форумы өтті. Форумға қатысушылармен қашықтықпен байланысқа шыққан Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жасанды интеллектінің кәсіби қызметке сандық және сапалық әсерін талдайтын «ЖИ басқаратын автоматтандырылған әлемдегі кеңейтілген жұмыс» бойынша IBM есебінің деректерін ұсынды.
Оқиға • 24 Ақпан, 2024
Қарқаралыда өрттен төрт бала қаза тапты
Кеше кешкілік Қарқаралы ауданы Талды ауылындағы жеке үй өртке оранған. Өкінішке қарай, төрт кішкентай бала қаза тапты.
Президент • 23 Ақпан, 2024
Балалар қауіпсіздігі туралы заңға толықтыру енгізілді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру, тәлімгерлік және балалардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін заңға қол қойды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 23 Ақпан, 2024
Балабақшада таяқ жеген бүлдіршін: полиция іс қозғады
Алматы полициясы қаладағы балабақшалардың бірінде қатарластары тарапынан соққыға жығылған балаға қатысты тергеу амалдарын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Ақпан, 2024
Алматыдағы балабақшада бала аяусыз соққыға жығылған (видео)
Алматыдағы балабақшалардың бірінде тәрбиеленуші соққыға жығылды. Бейнебақылау камерасына түсірілген кадрларға қарағанда, кішкентай бүлдіршінді өзі сияқты балалар төпелеген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Ақпан, 2024
Бұдан бұлай блогерлер желідегі жарнаманы таңбалауға міндеттеледі
Осы жылдың 2 наурызынан бастап инфлюенсерлер (блогерлер) коммерциялық немесе шарттық негізде орналастыратын онлайн-жарнаманы таңбалауға тиіс. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 22 Ақпан, 2024
Мүмкіндігі шектеулі студенттерге мерзімі өткен азық-түлік берген колледж анықталды
Түркістан облысының прокуратурасы Кентау қаласында орналаcқан «Арнайы кәсіптік колледжде» оқитын 80 ерекше баланың құқықтары өрескел бұзылғанын анықтады, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 21 Ақпан, 2024
Әйелдер мен балалардың қауіпсіздігі: Ерлан Қарин жаңа заң жобасына қатысты пікір білдірді
Бүгін Мәжілістің пленарлық отырысында әйелдердің құқықтарын және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты заң жобасы бірінші оқылымда қабылданды. Осы орайда ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин әлеуметтік желіде пікір қалдырды, деп жазады Egemen.kz.
Құқық • 21 Ақпан, 2024
Зорлық-зомбылыққа тосқауыл қоя алатын заң қабылдауымыз маңызды - Динара Зәкиева
Балалар омбудсмені әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы жаңа заң жобасы қабылданғаннан кейін не өзгеретінін түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 21 Ақпан, 2024
Медальді көп әкелетін спорт түрлерін дамыту керек – министр
Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері желісінің ең төмен мемлекеттік нормативтері бекітілген. Нормативтерге сәйкес республикалық маңызы бар қалаларда 55-165 мың адамға арналған 1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, облыстарда 20-50 мың адамға 1 БЖСМ, облыстың әрбір ауданында кемінде 1 БЖСМ болуы тиіс, деп хабарлайды Egemen.kz аталған ведомствоға сілтеме жасап.