елорда
Елорда • 26 Қаңтар, 2023
Елордада 2 мыңнан астам жұмысшы қар күреуге шықты
Қыс басталғалы бері Астанадан 2,6 млн текше метрден астам қар шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 25 Қаңтар, 2023
Елорданың елді мекендері сапалы интернетпен қамтамасыз етіледі
Елорданың аудандары мен елді мекендерінің бәрін сапалы байланыспен және интернет желісімен қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмыс жүріп жатыр. Бұл туралы онлайн-брифингте Астана қаласы цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Мейрамбек Әшірбеков айтты, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Елорда • 25 Қаңтар, 2023
Бір түнде Астанадан 16 мың текше метр қар шығарылды
Елорданың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеуін жалғастырып жатыр. Күн сайын қала көшелері мен жолдарын қардан тазалау жұмыстарына екі мыңға жуық жол жұмысшысы тартылады, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
Жеңіл атлетика • 24 Қаңтар, 2023
Елордада Astana Meeting World indoor tour турнирі өтті
Астанада алғаш рет күміс деңгейдегі Astana Meeting World indoor tour өтті. Бұндай деңгейдегі жарысты ТМД елдері арасында Қазақстан алғаш рет өткізді. Оған 100-ге жуық спортшы қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 23 Қаңтар, 2023
«Халық қатысатын бюджет»: Елорданың аулалары бір жылда қалай түрленді
Елордада 2019 жылдан бері «Халық қатысатын бюджет» жобасы іске асып келеді. Табысты жүзеге асып келе жатқан бастама аясында бір жыл ішінде қаланың төрт ауданында жүзден астам аула абаттандырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 21 Қаңтар, 2023
Елорданың Тұран мен Ұлы дала даңғылдарының қиылысында көлік қозғалысы шектелді
21 қаңтарда Тұран мен Ұлы дала даңғылдарының қиылысында болған коммуналдық апатқа байланысты көлік қозғалысы тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Қаңтар, 2023
Елорда тұрғыны түрмеге есірткі өткізбек болған
Астана қаласының ҚАЖ департаментінің №2 мекемесіне есірткі алып кірмек болған 30 жастағы елордалық ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 20 Қаңтар, 2023
Елордадағы емханаларда жедел медициналық көмек бөлімшелері ашылды
Астаналық емханаларда пилотты режимде жедел медициналық көмек бөлімшелері ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Елорда • 19 Қаңтар, 2023
Үлескерлердің ақшасын алуға құқығы жоқ құрылыс ұйымдарының тізімі жаңартылды
Астанада құрылыстың бастапқы сатысындағы үлескерлердің ақшасын қабылдауға тиісті рұқсаты жоқ құрылыс ұйымдарының тізімі жаңартылды, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 19 Қаңтар, 2023
Ұлттық ғылыми онкология орталығы мемлекет меншігіне өтеді
«Ұлттық ғылыми онкология орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жеке меншіктен республикалық меншікке сыйға тарту шарты бойынша жарғылық капиталға қатысу үлесін қабылдау туралы» ҚР Үкіметі қаулысының жобасы дайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 19 Қаңтар, 2023
Астанада крещение рәсімі қалай өтіп жатыр?
Православие шіркеулерінде 19 қаңтарға қараған түні крещение іс-шарасы атап өтіледі. Елордада мұндай іс-шараға қатысқысы келетіндер үшін арнайы жабдықталған орындар дайындалды. Елорданың жүздеген тұрғындары мен қонақтары жаппай шомылу орындарына жиналды, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Елорда • 17 Қаңтар, 2023
Астанада тротуарлар мен жолдардың мұзы тазартылып жатыр
Соңғы күндері елорданың тротуарлары мен жолдарында ауа температурасының күрт өзгеруіне байланысты көктайғақ байқалады. Қаланың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күреу жұмысын, сондай-ақ жол және жаяу жүргіншілер бөлігінің аумағын мұздан тазартуды белсенді жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Елорда • 16 Қаңтар, 2023
Елорда көшелерін күреуге 2 мыңнан астам жұмысшы шықты
Елорданың коммуналдық қызметтері қар мен мұзды күреу бойынша күшейтілген режимде тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. 16 қаңтар күні таңертең қала көшелері мен жолдарын тазартуға 2 мыңнан астам жол жұмысшысы жұмылдырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Елорда • 16 Қаңтар, 2023
Астанада «World snow day» қар фестивалі өтті
Өткен жексенбі күні, яғни 15 қаңтарда елорданың орталық саябағының шаңғы-роллер трассасында қысқы мереке – Дүниежүзілік қар күні аясында шаңғы жарысы бойынша балалар жарысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Елорда • 13 Қаңтар, 2023
Елорда тұрғындары ТКШ саласын дамытып келеді
Үш жыл ішінде елордалық МИБ орталығы 500-ден астам қоғамдық тыңдаулар, жиналыстар өткізіп, қала тұрғындарын тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй мүлкін басқару мәселелерін шешуге жұмылдырды, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігіне сілтеме жасап.
Елорда • 12 Қаңтар, 2023
Елордада қар тазалау жұмыстары жалғасып жатыр
Елордадан бір түнде 21 мың текше метрден астам қар шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Елорда • 11 Қаңтар, 2023
Елордадан 1,8 млн текше метрге жуық қар шығарылды
Қаланың коммуналдық қызметтері қар мен мұзды күреу бойынша күшейтілген режимде тәулік бойы жұмысын жалғастырып жатыр. 11 қаңтар күні таңертең елорданың көшелері мен жолдарын тазартуға 2 мыңға жуық жол жұмысшысы шықты, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Елорда • 11 Қаңтар, 2023
Елордалық мешіттер қайырымдылық науқанын ұйымдастырды
Елорда мешіттерінің меценаттары астаналықтарға тегін такси мен ыстық ас ұйымдастырды. Науқанға «Көктал» мешітінің бастауымен қаланың барлық мешіті атсалысты, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Елорда • 10 Қаңтар, 2023
Ертең елордалық оқушылар мен студенттер қашықтан оқиды
Ертең Астанада бірінші ауысымда оқитын 0-11-сынып оқушылары мен колледж студенттері онлайн оқиды. Бұл туралы Egemen.kz қалалық білім басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.
Елорда • 10 Қаңтар, 2023
Елорда көшелерін күреуге 2 мыңға жуық жұмысшы жұмылдырылды
Астана қаласының коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Қыс басталғалы бері қаладан 1,7 млн текше метрден аса қар шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Елорда • 10 Қаңтар, 2023
Астанада оқушылар мен студенттер сабақты онлайн оқиды
Астана қаласының Білім басқармасы екінші ауысым оқушыларының қашықтан оқу форматына көшетінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 09 Қаңтар, 2023
Астанада жеңіл атлетикадан Қазақстан кубогі өтеді
Ертең елордада жеңіл атлетикадан Қазақстан кубогі басталады, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Елорда • 09 Қаңтар, 2023
Астанада құрылысы ұзаққа созылған үйлер қашан тапсырылады?
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек құрылысы ұзаққа созылған нысандардағы жұмыс барысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Елорда • 09 Қаңтар, 2023
Астана әкімдігі қала тұрғындарына үндеу жолдады
Астанада аптаның алғашқы күні саршұнақ аяз орнап, жер көктайғақ мұзға айналды. Синоптиктердің болжамына қарағанда, алдағы күндері күн суытып, ауа температурасы 30 градустан төмен түседі. Қала тұрғындары мен қонақтары жарақат алу, үсік шалу секілді жағдайларға ұшырамас үшін қауіпсіздік шараларын қатаң сақтағаны және далада ұзақ уақыт болмағаны жөн, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
Елорда • 09 Қаңтар, 2023
Астанадан шығатын бірқатар жол учаскесі ашылды
Ауа райының тұрақтануына байланысты Астанадан шығатын бірқатар жол көлік қозғалысы үшін ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz елордалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 09 Қаңтар, 2023
Елордалық оқушылар қашықтан оқуға көшті
Бүгін қолайсыз ауа райына байланысты бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқу форматына көшті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 08 Қаңтар, 2023
Биыл елордада жаңа көпір ашылады
Астана әкімі Тәуелсіздік даңғылы бойындағы Есіл өзені арқылы өтетін көпірдің құрылысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 06 Қаңтар, 2023
Астанада үйректі заңсыз атқан браконьер ұсталды
5 қаңтар күні әлеуметтік желіде ЖЭО маңындағы су қоймада үйректі заңсыз атқан ер адамның видеосы тарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 06 Қаңтар, 2023
Елордадан 53 мың текше метрден астам қар шығарылды
Елордада 2023 жылдың алғашқы күндері қалың қармен басталды. «Қазгидромет» РМК деректері бойынша 5 қаңтардан 6 қаңтарға қараған түні жауын-шашын мөлшері 5,2 мм құрады, бұл алғашқы күннен алты есе көп. Осыған байланысты қаланың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Елорда • 05 Қаңтар, 2023
Астана жастары зейнеткерлердің ауласын қардан тазартты
«Астана жастары» КММ еріктілері жалғыз тұратын зейнеткерлердің аулаларын қардан тазартты. Мұндай акциялар елордада үнемі өткізіліп тұрады. Қар тазалау акциясына 20-ға жуық ерікті қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.