ел
Университет • 27 Наурыз, 2024
ҚазҰУ-да экологиялық зертхана ашылды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Қашықтан зондтау технологиясы және қолдану» қазақ-қытай бірлескен зертханасы ашылды.
Аймақтар • 27 Наурыз, 2024
Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр
Арқалық қаласының маңайындағы Әбдіғаппар хан, Екідің елді мекендерінің эвакуациялауға келісім берген тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп, азық-түлік, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді.
Елорда • 27 Наурыз, 2024
Бұл сұраққа қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне қарасты Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының басшысы Бақытжан Мәуленбердиев жауап берді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 27 Наурыз, 2024
Өңірлерде су тасқынына қарсы іс-шаралар белсенді жалғасып жатыр
Ауа температурасының күрт жылынуы және қардың тез еруіне байланысты еліміздің жекелеген өңірлерінде су тасқыны жағдайы күрделене түсті. Ең күрделі жағдай Ақтөбе және Қостанай облыстарында байқалды. Қалыптасқан су тасқыны жағдайына байланысты елімізде ТЖМ мен өңірлерде жедел штабтар жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 27 Наурыз, 2024
Батыс Қазақстан облысы қарғын су құрсауында қалды
26 наурыз күні Батыс Қазақстан облысында тоқтаусыз жаңбыр жауып, бір тәулік ішінде бір айлық мөлшер – 25,6 мм жауын-шашын түсті. Өңірде құрылған жедел штаб тәулік бойы жұмыс істеп, зардап шеккендерге көмек көрсетіп жатыр. Су тасқынының алдын алу жұмысын өңір басшысы Нариман Төреғалиев өзі қадағалап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 27 Наурыз, 2024
Алтай Көлгінов жаңа қызметке тағайындалды
2019 - 2022 жылы Астана қаласы әкімі лауазымын атқарған Алтай Көлгінов Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.
Технология • 26 Наурыз, 2024
Siri мен Алиса қазақ тілінде қашан сөйлейді?
Мәжіліс кулуарында Парламент Мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетов қазір IT секторы мен жасанды интеллект мәтінінде қазақ тілін дамыту өте маңызды екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 26 Наурыз, 2024
Бірқатар елде Қазақстан елшілері тағайындалды
Бұл туралы Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Аймақтар • 26 Наурыз, 2024
Атырауда белгісіз жыртқыш малды қырып кетіп жатыр
Атырау облысына қарасты ауылда белгісіз жыртқыш қораны қазып кіріп, 17 бас қойды қырып кеткен, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 26 Наурыз, 2024
Елена Рыбакина Masters турнирінің ширек финалына шықты
Әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Майамиде өтіп жатқан Masters турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Egemen.kz Qazsport телеарнасына сілтеме жасап.
Елорда • 23 Наурыз, 2024
Елордада 35 мыңға жуық адам тазалық акциясына қатысты
Бүгін Астанада «Тазару» ауқымды жалпыұлттық акциясы өтті. Оған 35 мыңға жуық қала тұрғыны, еңбек ұжымдары, қоғамдық ұйымдар, бизнес өкілдері, жастар, еріктілер, аудан белсенділері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Денсаулық • 23 Наурыз, 2024
400-ге жуық бала ауырып жатыр: Қазақстанда көкжөтел өршіп тұр
Қазақстанда ұжымдық иммунитеттің төмендеуіне байланысты 400-ге жуық бала көкжөтелмен ауырған. Денсаулық сақтау министрлігі мұны «қолайсыз эпидемиологиялық жағдай» деп атап, азаматтарды балаларына екпе қабылдауға шақырады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 22 Наурыз, 2024
Бишімбаевтың тағы бір былығы әшкере болды
Әлеуметтік желіде экс-министрдің тағы бір бұзақылығы әшкере болды. Қ.Бишімбаев бұл жолы мейрамханалардың бірінде барменге қоқан - лоққы көрсеткен, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 22 Наурыз, 2024
Шет мемлекет Президенттері Қасым-Жомарт Тоқаевты мерекемен құттықтады
Президенттің атына Наурыз мейрамына орай шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтаулар келіп жатыр, деп жазады Egemen.kz
Елорда • 21 Наурыз, 2024
Астанада бір тоннадан астам палау әзірленді
Елорданың орталық саябағында Өзбекстан, Әзербайжан, Тәжікстан және Қырғызстан елдерінің аспаздары бір тоннадан астам палау әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Аймақтар • 21 Наурыз, 2024
Павлодарда «Күй күмбірі» атты челлендж өтті
20 наурыз күні өңірде Наурыз мерекесіне арналған «Күй күмбірі» республикалық домбырашылар челленджі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 20 Наурыз, 2024
Мереке күндері елордалық емханалар қалай жұмыс істейді?
Мереке күндері елордалық емханалар мен ауруханалар штаттық режимде жұмыс істейді. Елордалық стационарлар өз белсенділігін төмендетпей, қала тұрғындарын тәулік бойы қабылдайды. Резервтік бейінді палаталарды бөлу арқылы шұғыл медициналық көмек көрсетуге толық дайындық қамтамасыз етілді, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Ұлттық спорт • 20 Наурыз, 2024
Көкпар, аударыспақ, теңге ілу. Елордада ұлттық спорт күні қалай атап өтілді?
Бүгін Қазақстан азаматтары алғаш рет Ұлттық спорт күнін атап өтіп жатыр. Осыған орай елордадағы «Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешенінде Наурыз мейрамы аясында Ұлттық спорт күніне арналған «НАУРЫЗНАМА: Ұлттық спорт күні» атты мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат • 19 Наурыз, 2024
Сенат Төрағасы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталығына барды
Наурызнама онкүндігі аясында Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған бір топ депутат елордадағы мүгедектігі бар балаларға арналған оңалту орталығы қызметкерлерімен және емделушілерімен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 19 Наурыз, 2024
Елтаңбаны ауыстыру мәселесін арнайы комиссия қарайды
Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте Қаржы министрі Мәди Тәкиев елтаңбаны ауыстыруға қатысты арнайы комиссия құрылатынын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Наурыз, 2024
Ауылдық округтердің табысы 2,5 есе артады
Бүгін Үкімет отырысында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасын іске асыру жоспары талқыланды. Ұлттық экономика министрі Н.Байбазаров бағдарлама шеңберінде ауылдық округтердің табысын 2,5 есе арттыру ұсынысын ортаға салды, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 18 Наурыз, 2024
Елордалық құтқарушыларға пәтер кілті табысталды
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен азаматтық қорғау жүйесінің әскери қызметшілерін, өрт сөндірушілерін, құтқарушыларын әлеуметтік қорғауды жақсарту бағдарламасы іске асырылып жатыр. Елорда әкімдігінде салтанатты жағдайда Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов, қала әкімі Жеңіс Қасымбек елордалық құтқарушыларға он бес қызметтік пәтер кілтін табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 18 Наурыз, 2024
«Жәнібектің арқасында»: шетелдіктер асырап алған тағы екі бала туыстарымен қауышты
Журналист Қымбат Досжан «Бармысың, бауырым?» хабары арқылы шетелдіктер асырап алған тағы екі бала туыстарымен кездескенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 18 Наурыз, 2024
Елорда жастары Ұлттық киім күніне орай челлендж бастады
18 наурыз – Ұлттық киім күніне орай Жастар саясаты мәселелері басқармасы елордадағы жастар ұйымдарымен бірге Қазақстан халқының Ұлттық киімдерін кеңінен дәріптеу мақсатында челлендж бастады, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 18 Наурыз, 2024
«Отбасылық ісіміз»: Орыс келін Анна қазақтың ұлттық киімін тігеді
Анна есімді келіншек ұлттық шапан тігу ісімен айналысады. Бұл туралы Александра Мыскина Facebook парақшасында видео жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 18 Наурыз, 2024
Астанада дін мамандарына арналған іс-шара өтті
Наурыздың 11-12 күндері Астана қаласындағы «Marden» орталығының мәжіліс залында Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитетінің қолдауымен «Рухани жаңғыру» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен дін мәселелері бойынша білікті мамандарды дайындауға бағытталған іс-шара өтті. Шараға «Дін зерттеу орталығының», «Ақниет» ҚҚ, мешіттердің және т.б. мамандары, имамдары, психологтары, теологтары қатысты.
Қазақстан • 18 Наурыз, 2024
121 шетелдік азамат елден шығарылды
Республика аумағында «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Спорт • 18 Наурыз, 2024
Тәшкенбай бастаған 4 боксшы «алтын», 4 боксшы «күміс» алды
Сербияның бас қаласы Белградта бокстан дәстүрлі Бранко Пешич мемориалы мәресіне жетті. Қазақстан бокс федерациясының мәлім етуінше, финалда жұдырықтасқан сегіз боксшының 4-еуі алтын, 4-еуі күміс алып, жалпыкомандалық есепте 1-орынға ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Театр • 18 Наурыз, 2024
«Шаңырақ» күні елордалық театрда өнерлі отбасы балаларының тұсауын кестірді
«Шаңырақ» күнінде елордадағы Музыкалық жас көрермен театрында «Бақытты шаңырақ иелері» атты іс-шара ұйымдастырылды. Жас отбасылардың өнегелі өмірі мен шығармашылығын дәріптеу мақсатындағы мерекелік жиында баланы тұсауын кесу рәсімі өтті. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Қоғам • 17 Наурыз, 2024
Тоңып қалған: Алматыда жедел жәрдем бригадасы қоқыс арасынан бала тауып алды
Алматы қаласында жедел жәрдем қызметкерлері үйілген қоқыс арасынан жалғыз жүрген баланы тауып алды, деп хабарлайды Egemen.kz.