халық
Қазақстан • 12 Ақпан, 2024
TALIS-2024 халықаралық зерттеуіне 8 мыңға жуық Қазақстан педагогі қатысады
Ақпанның 12-сі мен наурыздың 20-сы аралығында 50-ден астам елдің қатысуымен TALIS-2024 төртінші циклі өтеді. Оған Қазақстанның 378 мектебінің 8000-ға жуық мұғалімдері мен директорлары қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 02 Ақпан, 2024
Арал теңізінің экожүйесін қалпына келтіруге жәрдемдесу туралы Меморандумға қол қойылды
Алтыншы жыл сайынғы «Digital Almaty 2024: Х Индустриясы – Болашақтың цифрлық эволюциясы» халықаралық форумының алаңында Арал теңізінің экожүйесін қалпына келтіруге жәрдемдесу мақсатында Қазақстан Республикасындағы Халықаралық Аралды құтқару қорының (ХАҚҚ) атқарушы дирекциясы мен Freedom Holding Corp. арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға салтанатты түрде қол қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағзым • 02 Ақпан, 2024
Халық геологы Қосым Пішенбаев туралы кітап жарық көрді
Екібастұз қаласында әйгілі халық геологы, кен білгірі Қосым Пішенбаевтың 180 жылдығына арналған «Қосымның тағдыры» кітабының тұсауы кесілді. Повесть авторы – баянауылдық өлкетанушы Александр Черкашин.
Форум • 02 Ақпан, 2024
Михаил Мишустин аралас салаларда ынтымақтастыққа шақырды
Ресей үкіметінің басшысы Михаил Мишустин ЕАЭО-дағы әріптестерін өздерінің және бірлескен цифрлық платформаларын дамытуға, сондай-ақ аралас салаларда ынтымақтастыққа шақырды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 02 Ақпан, 2024
Қазақстандағы халық саны туралы жаңа деректер жарияланды
Ұлттық статистика бюросы 2023 жылдың басы мен 2024 жылдың 1 ақпаны аралығындағы халық өсімін жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Өнер • 31 Қаңтар, 2024
«7 жылымның әрбір сәтіне ризамын»: Димаш Құдайберген тыңдармандарына алғыс айтты
Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген күллі әлемдегі тыңдармандарына алғыс айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Қаңтар, 2024
Министрлік басшылары халықпен кездесу өткізуге міндеттеледі
Премьер-министр Әлихан Смайылов «Орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулерін өткізу туралы» қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Қаңтар, 2024
«1 мың теңгелік кроссовки»: Дүкен жариялаған акция айғайға ұласты
Қызылорда қаласындағы «Қорқыт» сауда үйіндегі аяқ киім дүкені жариялаған акцияның соңы айғай-шуға ұласты. Кез келген кроссовка мың теңгеге сатылған акцияда жиналғандар киімге таласып, сауда орнындағы есік-терезе қираған.
Төтенше жағдай • 23 Қаңтар, 2024
Жер сілкінгенде дыбыстық дабылдың неліктен қосылмағаны айтылды
Бүгін түнде Алматы қаласындағы жер сілкінісі кезінде дыбыстық дабылдың неліктен іске қосылмағаны белгілі болды, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 20 Қаңтар, 2024
Түркі мемлекеттері Бас консулдарының жиыны өтті
19 қаңтарда Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулдығының бастамасымен Бас консулдардың бейресми кездесуі ұйымдастырылып, оған Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Еркебұлан Сапиев, Түркия Сыртқы істер министрлігінің Ыстанбұлдағы өкілдігінің басшысы Елші Айше Сөзен Услуер, Түркі инвестиция қорының басшысы Бағдат Амреев, Әзербайжанның Бас консулы Нармина Мустафаева, Қырғызстанның Бас консулы Лира Сыдыкова, Мажарстанның Бас консулы Др Атилла Пинтер, Туркіменстанның Бас консулы Мухамметнур Овезов, Қазақстанның Бас консулы Нуриддин Аманқұл қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өнер • 20 Қаңтар, 2024
Жуырда Петропавл қаласы өнерпаз балаларының «Қарлығаш» хореографиялық ансамблі Ресей астанасында болған балалар мен жасөспірімдердің «Московское время» атты халықаралық фестиваліне қатысып, бірінші орын алып келді.
Спорт • 19 Қаңтар, 2024
АҚШ-та үстел теннисінен өтіп жатқан WTT Feeder Corpus Christi 2024 халықаралық турнирінде отандасымыз чемпион атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Көрме • 19 Қаңтар, 2024
«Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдығы»: Көшпелі көрме ашылды, жәдігерлер 10 қаланы аралайды
Кеңес Одағының Батыры №1 Халық қаһарманы, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың ғасырлық мерейтойына орай Алматыда Қарулы күштердің Мемлекеттік әскери-тарихи мұражайы «Халық жүрегіндегі қаһарман» атты көшпелі көрме ұйымдастырды. Ашылуына Алматы өңірлік гарнизонының әскери қызметшілері, әскери жоғары оқу орындарының курсанттары, «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 16 Қаңтар, 2024
Әуежай арқылы 160 мың долларды алып өтпек болған жолаушы анықталды
Астана халықаралық әуежайының Авиациялық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері ұшу алдындағы тексеру жұмыстары барысында 160 000 АҚШ доллары көлеміндегі қаражатты шетелге алып өтпек болған жолаушыны анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz аталған әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 09 Қаңтар, 2024
«1WIN» казиносының ұйымдастырушыларына халықаралық іздеу жарияланды
Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті Қазақстан, ТМД және алыс шет ел аумағында жұмыс істеген «1WIN» онлайн-казиносының заңсыз қызметіне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Egemen.kz аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 08 Қаңтар, 2024
Мәжіліс төрағасы Ұлытау облысының тұрғындарымен Президент реформаларын талқылады
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған депутаттар тобы Ұлытау облысына барды. Олар облыс активімен, өндіріс орындарының жұмысшыларымен кездесіп, Жезқазған жылу электр орталығының жұмысымен танысты және «Анненская» кенішіне түсті, деп хабарлайды Egemen.kz төменгі Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 05 Қаңтар, 2024
Қазақстан халқының саны нақтыланды
Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқының саны туралы деректерді нақтылады, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 03 Қаңтар, 2024
Аралды құтқару халықаралық қорына Қазақстан төрағалық етеді
Аралды құтқару халықаралық қорына төрағалық ету кезегі 2024 жылдан бастап елімізге өтті. Алдағы үш жылда аталған ұйымды Қазақстан басқарады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылдың соңына дейін ХАҚҚ Президенті болып сайланды. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 03 Қаңтар, 2024
Мемлекет басшысы: Азаматтарымыздың қарызға белшеден батқанына қатты алаңдаймын
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында күрделі мәселенің бірі – халықтың қарызға батуы, несие туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 03 Қаңтар, 2024
Қазақстанда АЭС салына ма? Президент нақты жауап берді
Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетіне берген «Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек» атты сұхбатында елдегі энергетикалық мәселенің ушығып тұрғанына назар аударып, осы тұрғыда Қазақстан аумағында АЭС салу-салмау мәселесіне қатысты өз ұстанымын ашық айтты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 30 Желтоқсан, 2023
Күн райы қолайсыздығынан Оралға қонатын ұшақтар кешігіп жатыр
Оралға келетін рейстер кешігіп жатыр. «Орал халықаралық әуежайы» ЖШС-ның баспасөз қызметі мәлім еткендей бұл Астанадағы ауа райының қолайсыздығына байланысты болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 27 Желтоқсан, 2023
20 млн гектар жайылымдық жер мемлекетке қайтарылады
Мәжілістің бүгінгі жалпы отырысында жайылымдарды пайдалану бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz төменгі палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 26 Желтоқсан, 2023
2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы қабылданды
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы қаралды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова атап өткендей, Тұжырымдама Мемлекет басшысының «Әділ Қазақстанның экономикалық бағдары» атты халыққа Жолдауында көрсетілген тапсырмасын орындау үшін әзірленген. Ол 4 негізгі бағытты қарастырады. Олар – тәуекелге бағдарланған тәсіл негізінде еңбекті қорғаудың ұлттық жүйесін жаңғырту, жұмыс орындарында тәуекелді төмендету жөніндегі шараларды экономикалық ынталандыру, кәсіби құзыреттер мен ғылыми әлеуетті дамыту, сондай-ақ еңбекті қорғау саласындағы бақылау мен мониторингтің тиімділігін арттыру, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 25 Желтоқсан, 2023
Астана халықаралық әуежайы 7,5 миллионыншы жолаушысын қарсы алды
Бұл аталған әуежай үшін рекордтық көрсеткіш. Бүгін Астана халықаралық әуежайы 7 жарым миллионыншы жолаушыға қызмет көрсетті, ол KC853 рейсімен Алматы-Астана бағытымен ұшып келген Сейітқазиевтер отбасы болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 22 Желтоқсан, 2023
Бокстан халықаралық турнир мәресіне жетті
Желтоқсанның 17-21-і аралығында Қарағанды қаласында бокстан Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған халықаралық турнир өтті, деп хабарлайды Egemen.kz qaz_olympics инстаграм парақшасына сілтеме жасап.
Қоғам • 22 Желтоқсан, 2023
Жаңа жылда шырша безендіру салты қайдан пайда болған?
Тоғыз күннен кейін жаңа жыл табалдырықтан енеді. Бұл мерекені тойлау, әсіресе, балғын балалар үшін қызық әрі көңілді. Жаңа жылды жарқыраған жасыл шыршасыз елестету мүмкін емес. Шырша қашан мереке символына айналды, жаңа жылда не үшін шырша безендіріледі? Тарихы мен тақырып аясында қалыптасқан түсініктерді тарқатсақ?
Қоғам • 19 Желтоқсан, 2023
Белгілі актер, режиссер Сәбит Әбдіхалықовтың әкесі өмірден озды. Бұл туралы актер өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 13 Желтоқсан, 2023
Қоян-қолтық ұрыс спортынан жеңімпаздар анықталды
ТМД-ға мүше мемлекеттер достық армиялары арасындағы армиялық қоян-қолтық ұрыс чемпионаты мен Қазақстан Қорғаныс министрінің кубогы үшін қоян-қолтық ұрыстан өткен республикалық турнирдің қорытындысы шығарылды. Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында Беларусь, Қазақстан, Ресей және Өзбекстаннан келген 180-нен астам спортшы қатысқан жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау салтанаты өтті. Қорғаныс министрінің кубогы үшін Қазақстан күштік құрылымдарының 16 құрама командасы күш сынасты.
Спорт • 09 Желтоқсан, 2023
Михаил Шайдоров халықаралық жарыста күміс жүлдеге қол жеткізді
Хорватияның Загреб қаласында мәнерлеп сырғанаудан өткен халықаралық жарыста Қазақстан спортшысы Михаил Шайдоров күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 08 Желтоқсан, 2023
Президент: Мемлекет дарынды, еңбекқор, талапты жастарды әрдайым қолдайды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақ» халықаралық стипендиясының 30 жылдығына арналған салтанатты форум қатысушыларына құттықтау хатын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.