Қылмыс
Қоғам • 16 Ақпан, 2024
Кісі өлтіру, тонау, ұрлық. Иттердің көмегімен қандай қылмыс ашылғаны айтылды
Жыл басынан бері қызметтік иттердің көмегімен 575 қылмыс, оның ішінде 190 ұрлық, 16 тонау, 2 қарақшылық, 7 кісі өлтіру және 129 есірткі қылмысы ашылды. Сонымен қатар заңсыз айналымнан шамамен 130 кг есірткі тәркіленді, деп жазады Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Аймақтар • 13 Ақпан, 2024
Жүргізуші куәлігін сатқан қылмыстық топ ұсталды
Жамбыл облысы полиция департаментінің қызметкерлері Жамбыл, Түркістан облыстарының және Алматы мен Шымкент қалаларының тұрғындарынан тұратын қылмыстық топтың заңсыз әрекетін әшкерелеп, олардың «жұмысына» тосқауыл қойды. Қылмыстық топ көлік жүргізушісі куәлігін заңсыз саудалаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 12 Ақпан, 2024
«13 жыл іздеуде болған». Павлодарда қауіпті қылмыскер қолға түсті (видео)
Ішкі істер министрлігі жыл басынан бері іздеуде жүрген 300 қылмыскерді қолға түсірді, деп жазады Egemen.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қоғам • 08 Ақпан, 2024
«Дикий Арманның» достары. Қылмыстық топтың мүшелері ұсталды
Ішкі істер министрлігі ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес шеңберінде іздеуде жүрген ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін, оның ішінде қаңтар оқиғасына қатысушыларды ұстау бойынша іс-шаралар кешенін жүргізіп жатыр, деп жазады Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қоғам • 08 Ақпан, 2024
«2 келі есірткіні жұтып қойған». Контрабандалық арнаның жолы кесілді
Ұлттық қауіпсіздік комитеті «жұтқыштар» деп аталатындардың Қазақстанға есірткі жеткізу контрабандалық арнасының жолын кесті, деп жазады Egemen.kz ҰҚК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 03 Ақпан, 2024
Іздеуде жүрген 14 қылмыскер қолға түсті
Астана қаласында «Іздестіру» рейдтік шарасы өтті. Қалалық прокуратура рейд нәтижесінде іздеуде жүрген 14 қылмыскер ұсталғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 01 Ақпан, 2024
ШҚО-да қылмыс бойынша сотталғандар мектепте күзетші болған
Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының прокуратурасы білім беру ұйымдарында еңбек кодексін бұзу деректерін анықтады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 31 Қаңтар, 2024
Қазақстанда педофилдер өмір бойы бас бостандығынан айырылады
Мәжіліс депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтарын және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 28 Қаңтар, 2024
Шығын 7 млн теңге: Ақтөбеде алаяқ кәсіпкерлерді алдап кетті
Ақтөбе тұрғындарының әрқайсысы несие алу үшін алаяққа миллион теңгеден берген, деп хабарлайды Egemen.kz Mgorod.kz сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 25 Қаңтар, 2024
Адам жоғалу дерегі қай қалада көп тіркелетіні анықталды
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректері бойынша қазіргі уақытта 10 178 адам іздестіріліп жатыр, деп жазады Egemen.kz ведомствоның мәліметіне сүйеніп.
Қоғам • 24 Қаңтар, 2024
Белгілі боксшыға қатысты қылмыстық іс қайта қозғалды
Бас прокуратура белгілі боксшы Бейбіт Шүменовке қатысты қылмыстық істі тергеу өндірісі қайта басталғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Қоғам • 22 Қаңтар, 2024
Қызметіне адал полиция өкілдері ескерусіз қалмайды - Қасым-Жомарт Тоқаев
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында полиция қызметкерлерінің ерлік істері ескерусіз қалмайтынын айтты, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 22 Қаңтар, 2024
Тонауды кәсіпке айналдырған топ ұсталды
Абай облысында үйлерді тонаумен айналысқан аса қауіпті ұрылар тобы ұсталды. Полиция Абай облысының Аягөз қаласында арнайы операция жүргізіп «сериялық» қылмысқа қатысы бар ұрылар тобын қолға түсірді, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қоғам • 18 Қаңтар, 2024
Қандықол екі қылмыскер бостандыққа шығады. Петропавл тұрғындары алаңдаулы
Петропавлда жаза мерзімі аяқталған екі қандықол қылмыскер бостандыққа шыққалы отыр. Оның бірі қаңтар, екіншісі сәуір айында шығады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 16 Қаңтар, 2024
Елімізде төрт түлік иелеріне жаңа тыйым енгізілді
Ішкі істер министрлігі елімізде төрт түлік иелеріне малды бақылаусыз бағуға тыйым салды. Құзырлы орган жаңа шектеу мал ұрлығын тыю мақсатында енгізілгенін айтты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 13 Қаңтар, 2024
«Екі зейнеткерді өлтірген». Жыл басынан бері бірнеше қылмыскер ұсталды – полиция
Жыл басынан бері іздеуде жүрген 58 қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Заң • 10 Қаңтар, 2024
254 адамға қатысты негізсіз қылмыстық қудалау тоқтатылды
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті елдегі қылмыс пен тергеуге қатысты статистикалық деректерді жариялады, деп жазады Egemen.kz
Оқиға • 08 Қаңтар, 2024
Қабір тонағандар қылмыс үстінде ұсталды
Жамбыл облысында зираттағы қабір қоршауын ұрлаған орта жастағы екі ер адам ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polizia.kz сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 05 Қаңтар, 2024
Түркістанда қап-қап есірткі тәркіленді
Түркістан облысының полицейлері екі қап есірткі тәркіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia-ке сілтеме жасап.
Қоғам • 04 Қаңтар, 2024
Жаңажылдық мереке күндері қанша қылмыс жасалды?
Ішкі істер министрлігінде жаңажылдық мереке күндері қанша қылмыс жасалғаны айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қоғам • 27 Желтоқсан, 2023
Құны 2 млрд теңге. Шетелдіктен ақбөкен мүйізі тәркіленді
Қостанай облысының полицейлері шетелдіктен ақбөкен мүйіздерін тәркіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Заң • 27 Желтоқсан, 2023
Бас прокуратура Бишімбаевтың ісіне қатысты тың деректер айтты
Бас прокуратура бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың тергеу ісі қалай жүргізіліп жатқанын айтты. Әйелін асқан қатігездікпен өлтірді деп айыпталып отырған Бишімбаевқа сот 4 бап бойынша қылмыстық іс қозғаған, деп жазады Egemen.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Аймақтар • 25 Желтоқсан, 2023
Алматыдағы автобус апаты: Жүргізушіге шабуыл жасаған адам қамауға алынды
Алматыда автобус жүргізушісіне шабуыл жасаған ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Желтоқсан, 2023
Бір жыл ішінде іздеуде жүрген 2 500 қылмыскер ұсталды – полиция
Биыл Ішкі істер министрлігінің криминалдық полиция қызметкерлері іздеуде жүрген 2500 қылмыскерді ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 13 Желтоқсан, 2023
Қызды пышақтап, денесін суға ағызып жіберген қылмыскерлер сотталды
Жаға ұстарлық жайт жыл басында Түркістан облысы Ордабасы ауданына қарасты Төрткүл ауылында болған. Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алқаби құрамымен айыпталушыларға қатысты үкім шығарды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 11 Желтоқсан, 2023
Қайрат Сатыбалды мерзімінен бұрын босатуға өтініш жазды – прокурор
Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев 6 жылға бас бостандығынан айырылған Қайрат Сатыбалдының шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш жазғанын растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 11 Желтоқсан, 2023
Кеншілерді қарумен қорқытып, ақша бопсалаған қылмыстық топ ұсталды
Қарағанды облысында «Қармет» кеншілерін қорқытып, моральдық және физикалық қысым көрсету арқылы ақша бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды. Ұсталғандардың осы типтегі 15 фактіге қатысы бары анықталды, деп жазады Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қоғам • 06 Желтоқсан, 2023
Қылмыстық топтың мүшесі Сербияда ұсталды
Бас прокуратура Қазақстаннан сырттап шекара асып кеткен заң бұзушыларды экстрадициялау бойынша жұмыстарды жалғастырып, Сербия мемлекетінен ұйымдасқан қылмыстық топтың бір мүшесін елге жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 05 Желтоқсан, 2023
Өзбекстандық қылмыс әлемінің серкесі «Бахти Ташкентский» қамауға алынды
Bugun.uz ақпараттық порталының хабарлауынша Ташкентте заңсыз істермен айналысқан қылмыстық топ қолға түскен. Олардың ішінде «Бахти Ташкентский» лақап атымен танымал Бахтиёр Қудратуллаев та бар, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 05 Желтоқсан, 2023
Іздеуде жүрген 219 қылмыскер ұсталды
20-30 қараша аралығында еліміздегі ішкі істер органдары «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Шара нәтижесінде 2657 қылмыс «ізі суымай» ашылды. Оның ішінде бұрын жасалған 1 019 қылмыс, 1-кісі өлтіру, 3-қарақшылық шабуылдар, 21 – тонау және 994 басқа да қылмыстық іс анықталды, деп жазады Egemen.kz.