қазақстан
Еңбек • 25 Шілде, 2023
Қазақстанда 14,7 мыңнан астам шетел азаматы жұмыс істейді
2023 жылғы 1 шiлдедегi жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 14 762 шетел азаматы еңбек етеді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
Қоғам • 25 Шілде, 2023
Бағдат Мусин интернетті «судай» үнемдеуге кеңес берді
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин интернет пен судың құндылығын салыстырып, интернетті де «судай» үнемдеуге кеңес берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 25 Шілде, 2023
Бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау мерзімі өзгермейді
Бүгін өткен Үкіметтің кезекті отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев журналистер сауалына жауап бере отырып, кейбір ата-аналар қалағандай 1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі өзгермейтінін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 24 Шілде, 2023
Арнайы операция: биылғы ҰБТ-да заңсыздық жасаған күдіктілер ұсталды
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстары бойынша департаменттері прокуратура органдарымен бірігіп, өңірлерде Ұлттық бірыңғай тестілеуді және педагогтердің білімін бағалауды жүргізуге жауапты ұйымның жеке қызметкерлерінің тестілеу процесіне заңсыз араласу әрекетін тыйды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 24 Шілде, 2023
Елдің басым бөлігінде екпінді жел соғады
«Қазгидромет» синоптиктері 25-27 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 24 Шілде, 2023
Азия чемпионаты: Қазақстан каратэшілері алғаш рет көш бастады
Малайзияның Малакка қаласында WKF каратэден ересектер арасындағы XIX Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz Спортты дамыту дирекциясының инстаграм парақшасына сілтеме жасап.
Жастар • 24 Шілде, 2023
Қазақстандық студенттер халықаралық спорттық шараға қатысады
Ел құрамасы сапындағы қазақстандық 90 студент Қытайдың Чэнду қаласында өтетін XXXI жазғы Дүниежүзілік студенттер ойындарына қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тарих • 24 Шілде, 2023
Ресейдің Смоленск облысында қазақстандық жауынгердің сүйегі табылды
Бұл туралы хабар БҚО Ақсай қаласы әкімдігінің Facebook парақшасында жарияланған. Ресейдің Смоленск облысында бейіттен сүйектер шығару жұмыстары барысында Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан 1902 жылы туған Урнасай Мирасовтың сүйегі анықталды. Қазақстанда туған жауынгердің жеке заттарын табыстау үшін туыстары іздестірілуде, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 23 Шілде, 2023
Катонқарағайда таудан құлаған турист ауруханаға тікұшақпен жеткізілді
Шығыс Қазақстан облысындағы тауда аттан құлаған турист қызға шұғыл көмек көрсетілді, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram парақшасына сілтеме жасап.
Қоғам • 22 Шілде, 2023
Ильхам Әлиев Қазақстанға алғысын білдірді
Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Шуша жаһандық медиа форумында Орталық Азия мемлекеттерімен серіктестік қарқынды дамып келе жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 22 Шілде, 2023
Қазақстан тұңғыш рет халықаралық ірімшік байқауына қатысады
Халықаралық ірімшік байқауында маңғыстаулық кәсіпкерлер тұңғыш рет Қазақстан намысын қорғайды, деп хабарлайды Egemen.kz Маңғыстау облысы әкімдігінің инстаграм желісіне сілтеме жасап.
Спорт • 22 Шілде, 2023
Қазақстандық боксшы 15-ші жеңісіне қол жеткізді
Шотландияның Единбург қаласында өткен бокс кешінде қазақстандық Сұлтан Зәуірбек жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 21 Шілде, 2023
Ерхан Бексұлтанов еркін күрестен Азия чемпионы атанды
Иорданияның астанасы — Амман қаласында күрес түрлерінен Азия чемпионатының соңғы күні өтті. Еркін күрестен 5 келі салмақ дәрежесіндегі белдесулерде балуандарымыз ел қоржынына 4 жүлде салды, деп хабарлайды Egemen.kz SportPress.kz сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 20 Шілде, 2023
Бас прокуратура балалар лагерлерін тексереді
Алматы қаласының прокуратурасы «сауна ғимаратында балалар лагерін» ұйымдастыру фактісі аясында кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі өкілеттіктерді теріс пайдалану және міндеттерді орындамау бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 20 Шілде, 2023
Бюджетке ең көп туристік жарна әкелген қала анықталды
2023 жылдың басынан бері шетелдіктерден жергілікті бюджетке туристік жарна есебінен түскен қаражат сомасы 314 миллион теңгеге жуықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жемқорлық • 20 Шілде, 2023
Төтенше жағдайлар министрлігінің жоғары лауазымды қызметкерлері жемқорлықпен ұсталды
Төтенше жағдайлар министрлігінің Комитет төрағасы мен департамент басшылары сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Egemen.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 19 Шілде, 2023
Нұрділдә Ораз жаңа қызметке тағайындалды
ҚР Президент Әкімшілігінің келісімімен Ораз Нұрділдә Серікұлы Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Шілде, 2023
Ұялы байланыс операторлары тариф бағасын көтере бастады
Тамыз айында ұялы байланыс операторлары тарифтердің бағасын көтереді. Бұл жөнінде олар ресми сайттарында хабарлай бастады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 18 Шілде, 2023
Шығыс Қазақстанның таулы жерінде тұтанған өрт оқшауланды
Орманшылардың, өрт сөндірушілердің және жергілікті атқарушы органдардың бірлескен күшімен Черно-Убинск орман шаруашылығында өрттің 7 гектар алаңы оқшауланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еңбек • 18 Шілде, 2023
Жарты жылда 274 млрд теңге жәрдемақы төленді
Жыл басынан бері мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге республикалық бюджеттен 244 млрд теңге жұмсалды. Бұған қосымша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша шамамен 30,2 млрд теңге сомасына әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 18 Шілде, 2023
Қазақстан халқының саны 20 миллионға жуықтады
2023 жылғы 1 маусымдағы дерекке сәйкес, еліміздегі халық саны 19 млн 879 мың адам болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 18 Шілде, 2023
Табиғатты қорғау мекемелері қызметкерлерінің жалақысы өсті
1 шілдеден бастап Қазақстанның табиғатты қорғау мекемелері қызметкерлерінің жалақысына 100% үстемеақы қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 17 Шілде, 2023
Қазақстан Жапонияда өтетін EXPO көрмесіне қатысады
«QazExpoCongress» ҰК» АҚ басшылығы EXPO 2025 Osaka Ұйымдастыру комитетінің өкілдерімен кездесті. Жұмыс бабындағы кездесу аясында Қазақстанның көрмеге қатысу шартына қол қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 17 Шілде, 2023
Елдің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады
Қазақстан синоптиктері 18 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 17 Шілде, 2023
Жас техниктер робототехника чемпионатында жүлделі болды
Аустралияда робототехникадан алғаш рет Asia Pacific Open Championship ашық жарысы өтті. Чемпионатқа Алматы мен Астана қалаларынан қатысқан оқушылар жобаларын ұсынып, күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Еңбек • 17 Шілде, 2023
700 мың теңгеден жоғары жалақыны қай сала қызметкерлері алады?
Маусым айында Электрондық еңбек биржасында 89,9 мың бос жұмыс орны және 54,5 мың түйіндеме орналастырылды. Мамыр айымен салыстырғанда бос жұмыс орындарының саны 5,3%-ға, түйіндеме 26,7%-ға қысқарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 17 Шілде, 2023
Әкімдер «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыруда жан-жақты қолдау көрсетеді
Төрт өңірдің әкімдері «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыруда жан-жақты қолдау көрсетуге уәде берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 17 Шілде, 2023
Провайдерлер ұялы байланыстағы ақау себебін анықтап жатыр
Бүгін таңертең Астана, Қарағанды және Қазақстанның басқа да қалаларында ұялы байланыс пен интернетке қосылу мүмкін болмады. Дәл қазір провайдерлер байланыстың үзілу себебін анықтап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ұлттық спорт • 17 Шілде, 2023
Қазақстанда ұлттық спорт түрлеріне қызығушылық артып келеді
Соңғы 3 жылда ұлттық спорт түрлерімен жүйелі түрде айналысатын қазақстандықтардың саны 35%-ға артты. Мәселен, 2020 жылы 432 мың адам ұлттық спорт түрлерімен айналысса, 2022 жылдың соңында бұл көрсеткіш 584 мың адамға жетті, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 17 Шілде, 2023
Қазақстан азаматтары желідегі алаяқтық туралы хабарлай алады
«Alayaq.net» порталы ақылы интернеттегі алаяқтық жағдайлары туралы хабарлап қана қоймай, қаржылық сауаттылық деңгейін арттыруға, сондай-ақ интернеттегі алаяқтыққа қарсы республикалық жастар қозғалысына қосылуға болады, деп хабарлайды Egemen.kz Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.