2
Қазақстан • 13 Ақпан, 2024
Елімізде 110 су шаруашылығы нысаны жөндеуден өтеді
Су ресурстары және ирригация министрлігі вегетациялық кезеңге дайындық шеңберінде 110 су шаруашылығы нысанын жөндеуден өткізуге ниетті. Бұл тасымалдау кезіндегі су шығынын азайтуға және суармалы алқаптарды сумен тұрақты қамтамасыз ету үшін жүзеге асырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 12 Ақпан, 2024
+ 40 градустан жоғары. Алдағы жаз былтырғыдан да ыстық болады - ТЖМ
Бүгін Мәжілісте өткен Үкімет сағатында Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов алдағы жаз былтырғыдан да ыстық болатынын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 12 Ақпан, 2024
TALIS-2024 халықаралық зерттеуіне 8 мыңға жуық Қазақстан педагогі қатысады
Ақпанның 12-сі мен наурыздың 20-сы аралығында 50-ден астам елдің қатысуымен TALIS-2024 төртінші циклі өтеді. Оған Қазақстанның 378 мектебінің 8000-ға жуық мұғалімдері мен директорлары қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Бокс • 12 Ақпан, 2024
Өзбекстан озып кетті. Бокстан Странджа кубогінде Қазақстан қай орынға тұрақтады?
Болгария астанасы Софияда бокстан кіші әлем чемпионатына баланған Странджа кубогі мәресіне жетті. Ел құрамасы бұл бәсекеде 1 алтын, 1 күміс, 1 қола медальмен 5 орынға табан тіреді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 10 Ақпан, 2024
Странджа кубогі-2024: Қазақтың үш боксшысы жартылай финалға шықты
Болгарияның бас шаһары Софияда өтіп жатқан кіші әлем чемпионаты – Странджа кубогында шаршы алаңға шыққан Қазақстанның 8 боксшысының үшеуі жеңіске жетті, ал бесеуі қарсыластарына есе жіберді, деп хабарлайды Egemen.kz Бокс федерациясына сілтеме жасап.
Хоккей • 09 Ақпан, 2024
Хоккейден ӘЧ-2028 қайда өтеді? Қазақстан өтінім берді
Қазақстан шайбалы хоккейден 2028 жылғы әлем чемпионатының элиталық дивизион ойындарын қабылдауға өтінім берді. Бұл туралы BasSport.kz сайты хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 09 Ақпан, 2024
Бір күнде 250-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелді
Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі бір тәулікте 250-ден астам жол-көлік оқиғасы болғанын хабарлап, ұзақ жолға шықпауға кеңес берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 09 Ақпан, 2024
Париж-2024 жолдамасына таласатын Қазақстан боксшылары белгілі болды
Бокстан Қазақстан командасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Италияда өтетін әлемдік лицензиялық турнирге қатысатын боксшылар тізімін жария етті, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz. сайтына сілтеме жасап.
Спорт • 09 Ақпан, 2024
Құсбегіліктен ел біріншілігі басталды, оған Айшолпан Нұрғайыпқызы қатысады
Құсбегіліктен ересектер арасында Өскемен қаласында 8 ақпанда басталған XVII Қазақстан чемпионаты 12 ақпанға дейін созылмақ, оған ителгі, бүркіт, қаршыға құстары қатысады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 08 Ақпан, 2024
Париж Олимпиадасы: медальдар ресми түрде таныстырылды
Париж Олимпиадасының ұйымдастыру комитеті ойындардың жүлделерін (медальдарын) ресми түрде таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 07 Ақпан, 2024
Республикалық маңызы бар автожолдардың 23 учаскесі жабылды
Бүгінгі сағат 09.00-дегі ахуалға сәйкес ауа райының қолайсыздығына байланысты 6 облыс аумағында республикалық маңызы бар автожолдардың 23 учаскесінде қозғалыс шектелді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 07 Ақпан, 2024
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының спорттық сайыстары бекітілді
Биыл Астана қаласында ұйымдастырылатын V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының спорттық сайыстары ресми түрде бекітілді. Туризм және спорт министрлігі аталған халықаралық жарыста спорттың 20 түрінен сайыстар өтетінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Ұлттық спорт • 06 Ақпан, 2024
Бәйге-2024: Жарыстар тізімі жарияланды
Республикалық қоғамдық бірлестік «Бәйге» федерациясы Қазақстан чемпионаты күнтізбесін жария етті. 2024 жылы елімізде бастапқы бәйге наурыз айында өтсе, соңғы бәйге қазан айында өтеді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Ақпан, 2024
«Қоян аулап, қолға түсті»: Браконьерлерге қарсы іс-шара өтіп жатыр
Заңсыз аң аулау және табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілерінің жолын кесу мақсатында Абай облысы аумағында полиция қызметкерлері 1 ақпанда бастаған «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы 29 ақпанға дейін жалғасады, сол орайда браконерьлікпен айналысқан ер адам ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 02 Ақпан, 2024
Президентке Жоғары сот кеңесінің 2023 жылы атқарған қызметі баяндалды
Президент Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шиппті қабылдады. Мемлекет басшысына Жоғары сот кеңесінің 2023 жылы атқарған қызметінің қорытындысы, еліміздегі судьялар корпусының қазіргі жай-күйі және алдағы кезеңге арналған жоспары жөнінде баяндалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 01 Ақпан, 2024
Бокс: Қазақстанда өтетін беделді турнирлердің тізімі
Азия бокс конфедерациясының (ASBC) баспасөз қызметі 2024 жылы Қазақстанда өтетін турнирлер тізімін жария етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 31 Қаңтар, 2024
«Қазақтелеком» жыл соңына дейін Tele2-ні сатады
Үкімет операторлар арасында бәсекелестікті орнату және сапалы тарифке қол жеткізу үшін компанияға осындай талап қойған болатын, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 31 Қаңтар, 2024
Республикалық маңызы бар автожолдардан 2 учаске жабық
«ҚазАвтоЖол» мәлім еткендей бүгін сағат 12.30-дағы ахуал бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты 2 облыс аумағындағы республикалық маңызы бар автожолдардың 2 учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 31 Қаңтар, 2024
Алматылықтар тағы да жер сілкінісін сезді
Төтенше жағдайлар министрлігі өткен түні сағат 04:27-де Қазақстан аумағында 2 балдық жер сілкінісі сезілгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 30 Қаңтар, 2024
Канвон-2024: астаналық кёрлинг шеберлері алғашқы жеңісіне қол жеткізді
Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында елордалық спортшылар алғашқы қарсыласын жеңді, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы • 30 Қаңтар, 2024
«Жүлде қоры - 180 мың доллар». Алматыда ауқымды стартап сайысы өтеді
2024 жылғы 1-3 ақпан аралығында Алматы қаласында Digital Almaty-2024: «Х индустриясы: Болашақтың цифрлық эволюциясы» цифрлық форумы өтеді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 29 Қаңтар, 2024
Канвон-2024: 30 қаңтардағы жарыс кестесі
Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында жерлестеріміз ертең 2 спорт түрі бойынша додаға енеді. Ведомство 30 қаңтардағы жарыс кестесін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 29 Қаңтар, 2024
Канвон-2024: Қазақстан 15-сатыда тұр
Канвон-2024 қысқы жасөспірімдер олимпиадасының 28 қаңтардағы жарыс нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 29 Қаңтар, 2024
Париж-2024: Соңғы лицензиялық турнир су спорты түрлерінен өтеді
Катар астанасы Дохада ақпан айының 2-18 күндері аралығында су спорты түрлерінен өтетін әлем чемпионаты – 2024 жылғы Париж Олимпиадасына лицензия берілетін соңғы турнир, деп хабарлайды Egemen.kz.
Хоккей • 25 Қаңтар, 2024
Жасөспірімдер олимпиадасы: Хоккейшілер қоржынға қола медаль салды
Канвонда өтіп жатқан Жасөспірімдер олимпиадасында ел құрамасы қоржынға үшінші медальді салды. Олар (3х3) үшінші орын үшін айқаста Австрия құрамасын тізе бүктірді, деп жазады Egemen.kz Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
Спорт • 23 Қаңтар, 2024
Канвон-2024: Хоккейшілеріміз жартылай финалға шықты
Жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпиада ойындарында 3х3 хоккейден Қазақстан командасы іріктеу кезеңінен мүдірмей өтті. Жігіттер жеті ойын бойынша 12 ұпай жинап, жарыстың жартылай финалына шықты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 23 Қаңтар, 2024
«Жәнібек, кімнің баласы екеніңді таппай қоймаймыз». Екі болжамды ананының ДНҚ сараптамасы шықты
Бельгиялықтар асырап алған қазақ баласы Эдди Жанның (Жәнібек) анасы болуы мүмкін деген екі келіншектің ДНҚ сараптамасының нәтижесі белгілі болды. Анализ қорытындысын журналист Қымбат Досжан әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Қаңтар, 2024
Алматыда жер сілкінісі кезінде 44 адам жарақат алды
Алматыда жер сілкінісі кезінде 44 адам жарақат алды. Бұл туралы Алматы қаласында болған жер сілкінісіне қатысты ұйымдастырылған брифингте айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Хоккей • 22 Қаңтар, 2024
Канвон-2024: Хоккейшілер қарсыластарын ірі есеппен жеңді
Канвонда өтіп жатқан Жастар Олимпиадасында ел намысын қорғап жатқан жас хоккейшілер қатарынан екінші жеңісіне қол жеткізді, деп жазады Egemen.kz olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Қоғам • 22 Қаңтар, 2024
Автожолдардан 4 учаске жабық тұр
Бүгінгі сағат 12.00-дегі ахуалға сәйкес, ауа райы қолайсыздығына байланысты 2 облыс аумағындағы республикалық маңызы бар автожолдардың 4 учаскесінде көліктердің барлық түрлері бойынша қозғалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz «ҚазАвтоЖол» телеграм парақшасына сілтеме жасап.