S
Қоғам • 18 Сәуір, 2024
Air Astana су басқан аймақтарға 75 тонна гуманитарлық жүк тасымалдаған
Елімізде су тасқыны басталғалы бері Air Astana мен FlyArystan зілзала аймағына 75 тонна гуманитарлық жүкті тегін тасымалдады. Мұндай салмақты тасымалдау құны 34 миллион теңгеге пара-пар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 17 Сәуір, 2024
Kaspi.kz су тасқынынан зардап шеккендерге 20 миллиард теңге бөледі
Kaspi.kz-тің негізін қалаушылар Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесу мақсатында 20 миллиард теңге бөледі. Қаражат Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында қираған тұрғын үйлерді жөндеуге, сатып алуға және салуға жұмсалады.
Қоғам • 17 Сәуір, 2024
Дубайда қатты жауын: Air Astana рейстері ертеңге қалдырылды
Дубай қаласында қатты нөсерлі жауын салдарынан әуе айлақты су басып қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 13 Сәуір, 2024
AIX және KASE келер жылы бірігеді
Бұл әңгіме шыққалы бері сарапшылар арасындағы әңгіме қазақтың екі биржасының арасындағы түйісу нүктелеріне, біріктірілгеннен кейінгі жағдайларының қалай болатынына бағытталған болатын. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов өткен апта соңында журналистермен кездескен кезде AIX және KASE биржалары келесі жылға дейін біріктірілетінін айтты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 11 Сәуір, 2024
Kusto Group су тасқынынан зардап шеккендерге 400 млн теңге бөлді
Еліміздегі су тасқыны салдарынан ауыр жағдайға түскен азаматтарға көмек көрсету мақсатында Kusto Group 400 млн теңге бөлгені туралы мәлімдеді. Зардап шеккен аймақтарға қаражат KustoHelp жеке қоры арқылы бөлінеді.
Қазақстан • 08 Сәуір, 2024
Алматыдан Атырауға қосымша әуе рейстері ашылды
Қосымша рейстерді енгізу туралы шешім Атырау облысындағы су тасқыны жағдайына байланысты қабылданды. Жолаушылар арасында аталған бағыт бойынша сұраныстың артқаны байқалып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 02 Сәуір, 2024
Халықаралық журналистика мектебінің жаңа деканы тағайындалды
Maqsut Narikbayev University Халықаралық журналистика мектебінің деканы лауазымына халықаралық журналистика магистрі Айгүл Жамалованың тағайындалғаны туралы хабарлады. Аталған ЖОО – халықаралық білім деңгейін ұсынатын еліміздің университеттері арасында көшбасшы білім ордасы.
Экономика • 01 Сәуір, 2024
Су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде Kaspi.kz-пен бірге 200 млн теңге
Қазақстанның бірнеше өңірі су тасқынынан зардап шекті, мыңдаған отбасы уақытша орналастыру орталықтарына жеткізілді. Kaspi.kz «Biz Birgemiz Qazaqstan» қайырымдылық қорымен бірлесе отырып, зардап шеккендерге мобильді қосымша арқылы қаражат жинауды ұйымдастырды. Бірнеше күннің ішінде 55 мың қазақстандық 80 миллион теңгеге жуық ақша жинап үлгерді. Kaspi.kz өз тарапынан көмек көлемін 200 миллион теңгеге дейін ұлғайтты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 01 Сәуір, 2024
Гарвард студенттері Қазақстан менеджментіндегі трендтермен танысты
Бір топ Гарвард студенттері ел тарихымен, мәдениетімен және қазіргі экономикасымен жақынырақ танысу үшін Қазақстанға келді. Олар белгілі кәсіпкер Дулат Тастекей құрған компанияға ат басын бұрып, менеджменттегі отандық трендтермен, даму стратегияларымен және бизнестегі инновациялық тәсілдерімен танысты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 29 Наурыз, 2024
Мемлекет басшысы Sany Group Co. Ltd Директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады
Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сян Вэньбо «жасыл» энергетика саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шахмат • 28 Наурыз, 2024
Бибісара Асаубаева тағы бір беделді турнирдің жеңімпазы атанды
Қазақстанның шахматшы қызы Бибісара Асаубаева Swiss Queens турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 28 Наурыз, 2024
«Шәкәрім оқулары» мәреге жетті
Республикалық «Шәкәрім оқулары» биыл да жалғасты. Мектеп оқушылары арасында өткен байқауға қатысуға ниетті жасөспірімдер қатары осы жолы да көп болды, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 26 Наурыз, 2024
Жастарға 1 миллион теңге беріледі. Өтініш қабылдау басталды
Zhas Project жобасы аясында ел жастарына 1 миллион теңге көлемінде шағын гранттар беріледі. Жобаға қатысу үшін өтінім беру басталды, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 13 Наурыз, 2024
«Surprise». Димаш Құдайберген жаңа бейнебаянының тизерін жариялады
Ерекше талантымен төрткүл дүниені тәнті еткен отандасымыз Димаш Құдайберген тыңдарманына нағыз тосынсый жасамақ, деп жазады Egemen.kz.
Бокс • 04 Наурыз, 2024
«Qazsport» телеарнасы бокстан әлемдік лицензиялық турнирді тікелей эфирде көрсетеді
Италияның Бусто-Асрицио қаласында басталған бокстан әлемдік лицензиялық турнир 11 наурызға дейін өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 01 Наурыз, 2024
Отандық ғылымды дамыту мәселелері талқыланды
Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары отандық ғылымды дамыту мәселелерін Astana IT University басшылығымен бірге талқылады. Сондай-ақ сенаторлар аталған ЖОО-ның профессор-оқытушылар құрамымен кездесіп, ғылыми-техникалық жетістіктерімен танысты және заманауи ғылыми зертханаларда болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 01 Наурыз, 2024
«Қарсыластың мойнын қайырған». Елдос Сметов Grand Slam турнирінен шеттетілді
Дзюдодан Ташкентте өтіп жатқан Grand Slam турнирінде отандасымыз, олимпиаданың екі дүркін жүлдегері Елдос Сметов ширек финалда ұтылды. Сонымен қатар ұйымдастырушылар спортшыға жұбаныш белдесуінде өнер көрсетуге рұқсат бермеді, деп жазады Egemen.kz Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.
Қоғам • 26 Ақпан, 2024
«Westoil Software» жұмысшылар ереуіліне деструктивті күштер ықпал еткенін мәлімдеді
Westoil Software компаниясы Жетібайда жалғасып жатқан ереуіл аясында жаңа мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Ақпан, 2024
Астанада қаржы пирамидасын ұйымдастырушы 6 жылға сотталды
Астанадағы «Eolus» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін ұйымдастырушы ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Қаржы мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 21 Ақпан, 2024
«Жерасты суларын барлау»: Қазақстан-Испания ынтымақтастығы артады
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Испанияның Қазақстандағы елшісі Хорхе Урбиола Лопес де Монтенегромен кездесіп, жерасты суларын барлау саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. Бұл туралы тиісті министрліктің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 14 Ақпан, 2024
Президент Al Faisal Holding компаниясы директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Al Faisal Holding компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Фейсал бен Қасым Әл Тәниді қабылдады. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 12 Ақпан, 2024
TALIS-2024 халықаралық зерттеуіне 8 мыңға жуық Қазақстан педагогі қатысады
Ақпанның 12-сі мен наурыздың 20-сы аралығында 50-ден астам елдің қатысуымен TALIS-2024 төртінші циклі өтеді. Оған Қазақстанның 378 мектебінің 8000-ға жуық мұғалімдері мен директорлары қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Елорда • 10 Ақпан, 2024
Study UK Alumni Awards жеңімпаздары анықталды
Қазақсандағы Британ Кеңесі (British Council) Study UK Alumni Awards 2023-24 байқауының финалистерін марапаттап, жеңімпаздарын анықтады. Марапаттау рәсіміне Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшісі Кэти Лич, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Қазақстандағы Британ Кеңесінің директоры Роберт Тейлор және білім-ғылым саласындағы ұйым басшылары мен өкілдері қатысты. Әрбір финалистке сертификат табысталып, жеңімпаздар кубок пен кәсіби дамулары үшін £2,000 көлеміндегі қаржылай грантқа ие болды.
Спорт • 10 Ақпан, 2024
Grand Slam турнирі: қазақтың дзюдошылары жасақталды
Өзбекстан астанасы Ташкентте дзюдодан кезекті Grand Slam турнирі өтеді. Осы орайда Қазақстан ерлер құрамасы және әйелдер құрамасы жасақталды. 1-3 наурызда өтетін турнирге қатысатын дзюдошылардың тізімі бірер күн бұрын Olympic.kz сайтында жарияланды, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 09 Ақпан, 2024
Мәжіліске жаңа депутат қосылады
Respublica партиясы 24 қаңтар күні мандатын тапсырған Динара Шүкіжанованың орнына Мәжіліске Айтуар Қошмамбетов баратынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 05 Ақпан, 2024
Grand Slam жарысында Қазақстан дзюдошысы қола жүлдегер атанды
Францияның бас шаһары Парижде өтіп жатқан Grand Slam жарысында Ұлттық құрама дзюдошысы Нұрлыхан Шархан қола жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz министрлікке қарасты Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 02 Ақпан, 2024
Sergek Индонезияда пилоттық жобаны бастады
Индонезияда Нусантара қаласының әкімшілігі мен «ақылды» қалаларды құрастыру саласындағы отандық IT көшбасшы Sergek Group компаниясы бірігіп жасаған пилоттық жобасы іске қосылды. Бұл туралы компания өкілдері Digital Almaty халықаралық цифрлық форумында мәлімдеді. Қазақстан мамандары көлік қозғалысын талдау және болжау бойынша интеллектуалды көлік жүйесін, сондай-ақ экология және жол қауіпсіздігі саласындағы шешімдерді экспорттайтын болады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 01 Ақпан, 2024
«Еліміздегі ең үздік көрсеткіш» 16 жасар теннисші 16 орында
16 жасар Әмір Омарханов жасөспірімдер арасында ITF Juniors рейтингісінде 16-орынға жоғарылады. Осылайша, отандық жасөспірімдер арасында ең үздік көрсеткіш тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.
Спорт • 01 Ақпан, 2024
Бокс: Қазақстанда өтетін беделді турнирлердің тізімі
Азия бокс конфедерациясының (ASBC) баспасөз қызметі 2024 жылы Қазақстанда өтетін турнирлер тізімін жария етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 31 Қаңтар, 2024
Air Astana IPO-сында 141 млн акция сатылады
«Эйр Астана» IPO аясында шамамен 141 миллион жай акцияны немесе қолданыстағы бағалы қағаздарының жартысына жуығын (46%) (306 миллион акция) сатуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының сайтында айтылған, деп жазады Egemen.kz.