Ар
Аймақтар • Бүгін, 15:25
Су тасқыны: ҚазҰУ 10 млн теңгенің көмегін көрсетті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті су тасқыны болып жатқан Батыс Қазақстан облысына 5 млн теңгеге 20 тонна гуманитарлық көмек жіберді. Сондай-ақ су тасқынынан үйлері зардап шеккен 50 студентке 100 мың теңгеден жәрдемақы тағайындады. Жиналған көмектің жалпы соммасы 10 млн теңгені құрады.
Қоғам • Бүгін, 14:23
Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны Kaspi.kz қосымшасында тапсыруға болады
Kaspi.kz ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен, Цифрландыру министрлігімен және «ҰАТ» АҚ-пен бірлесіп, Қазақстан халқы үшін тағы бір онлайн-сервисті іске қосты. Енді 250-нысан бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тура Kaspi.kz мобильді суперқосымшасының өзінде тапсыруға болады.
Президент • Бүгін, 13:57
Мемлекеттік тілді дамытуға сiңiрген еңбегi үшiн бірнеше азамат марапатталды
ҚР Президентінің Жарлығымен халықтар арасында бейбiтшiлiктi, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға, мемлекеттік тілді дамытуға сiңiрген еңбегi үшiн бірнеше азамат марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • Бүгін, 13:30
«Ұл бала үшін 20 мың доллар береді». Жәнібекті асырап алған анадан ақша алған әйел тергеліп жатыр
«Бармысың, бауырым?» хабарының редакциясы Жәнібек Савельевтің оқиғасына байланысты соңғы жаңалықтарды бөлісті. Бағдарлама авторы Қымбат Досжан Жәнібектің асырап алған анасы Валеримен түсірген сұхбат-видеосынан кейін желі қолданушылары тарапынан сұрақтар жиілеп кеткенін айтты, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • Бүгін, 12:26
Су тасқыны: азаматтардың мал шығыны өтеліп жатыр
Елімізде су басқан аймақтарда ахуал тұрақталып, мал шығыны өтеліп жатыр. Келтірілген залалды өтеу және деректерді салыстыру жөніндегі комиссиялардың жұмысы барысында табиғи апаттан 8,2 мың бас ауыл шаруашылығы жануарларының өлгені анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • Бүгін, 12:00
Ешкім елеусіз қалмайды, мемлекет шығынды түгел өтейді - Қ.Тоқаев
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • Бүгін, 10:53
Қамшы мен домбыра: беташарда келіннің бетін немен ашқан дұрыс?
Қазақ үшін қыздың ұядан ұзатылып, ұлдың жеке отау құрғаны айрықша қуаныш. Перзент дүниеге келіп, ес біле бастағаннан-ақ ұлтымыз бауыр етін сол үлкен өмірге баулиды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • Бүгін, 09:31
ШҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары өмірден өтті
Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған Медет Бердімұратов дүние салды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • Бүгін, 01:21
Қарағанды облысында жолаушылар пойызының вагоны рельстен шығып кетті
Қарағанды облысында жолаушылар пойызы вагоны рельстен шығып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • Кеше
«Вагон таза емес»: Екі жолаушы «Қазақстан темір жолынан» 500 мың теңге талап еткен
Атырау-Ақтөбе бағытындағы пойыздың лас вагонын видеоға түсірген екі жолаушы полицияға арызданып, сотта өздерінің құқықтарын қорғаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • Кеше
«Марсқа ұқсайды»: Грекияда аспан қызғылт сарыға боялды
Оңтүстік Грекияда құмды дауыл соғып, аталған елдің бас шаһары - Афинаның аспаны қызғылт сары түске боялды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Табиғат • Кеше
«Қазақстан - қызғалдақтар отаны» атты іс-шара өтті
«Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» КММ-не қарасты Боралдай филиалында «Қазақстан-қызғалдақтар отаны» атты іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Есірткі • Кеше
Өскеменде есірткі жарнамалаған ерлі-зайыптылар ұсталды
ШҚО полицейлері жедел-іздестіру жұмыстары барысында есірткі жарнамалады деген күдікке ілінген ерлі-зайыптыларды ұстады, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • Кеше
Қар жауып, 8 градус аяз болады - үш күнге арналған ауа райы болжамы
Синоптиктер 25, 26 және 27 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • Кеше
ӘМТ: Шекті үстемеден асырып сатқан дүкендер айыппұл арқалайды
Қостанай облысы бойынша Сауда және тұтынушыларды қорғау департаменті дүкендерге тексеру жүргізе бастайды. Мамандар дүкендерде сатылатын әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының үстеме мөлшерін белгілейді. Олардың арасында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары: нан, қарақұмық, күріш, жұмыртқа және тағы басқа өнімдер бар, деп жазады Egemen.kz.
Білім • Кеше
«Болашақ» стипендиясына құжат қабылдау мерзімі белгіленді
Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушы 2024 жылғы 19 сәуірдегі «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • Кеше
Азия чемпионатына қатысатын боксшылар анықталды
IBA халықаралық бокс федерациясы 27 сәуір - 7 мамыр аралығында жастар мен 22 жасқа дейінгі спортшылар арасында Азия чемпионатын Астана қаласында өткізу шешімін қабылдаған еді. Осы сында ел намысын қорғайтын былғары қолғап шеберлерінің аты-жөні белгілі болды, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • Кеше
Ресейде Қорғаныс министрінің орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды
РФ Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Иванов пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz РФ Тергеу комитетіне сілтеме жасап.
Президент • Кеше
Мемлекет басшысы Семей тұрғындарының бастамасын қолдады
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Семей орманы» аумағында «Семей орманы – жасыл аймақ» ағаш отырғызу науқаны өтті. Экологиялық іс-шарада өткен жылы аумағын өрт шалған қарағайлы орманды қалпына келтіру мақсаты көзделді. Облыс билігі мен тұрғындардың бұл бастамасын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қолдады. Бұл туралы Мемлекет басшысының кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желіде хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Балалар • Кеше
Балалардың жазғы демалысын білім басқармаларының басшылары ұйымдастырады
Бүгін Оқу-ағарту министрлігінің аппараттық кеңесінде өңірлік білім басқармалары, ведомстволық бағынысты ұйымдар мен әдістемелік кабинет басшыларының қатысуымен балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • Кеше
Гуманитарлық жүк тиелген көліктер ақылы жолдарда тегін жүреді
Көлік министрлігі және «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ тасқын судан зардап шеккен өңірлерге бағытталған жеке және заңды тұлғалардың барлық гуманитарлық жүктеріне 24 сәуір – 5 мамыр аралығында ақылы жолдарда жол жүру тегін болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Волонтер • Кеше
Республикалық волонтерлер штабының алаңында жастар ұйымдарының жетекшілері бас қосты. Бүгінде мыңдаған волонтер еліміздің барлық аймағында су тасқынынан зардап шеккен адамдарға қол ұшын созып жүр. Волонтерлер тұрғындарды эвакуациялау, гуманитарлық көмек жинау және үлестіру, құтқарушыларға жәрдемдесу жұмысына жұмылдырылды, деп жазады Egemen.kz.
Экология • Кеше
«Жасыл аймақ»: Жеңімпаздар анықталды
Еліміздің барлық өңірінде қолға алынған «Таза Қазақстан» акциясы Тараз қаласында жалғасып жатыр. Тараздық жастар акция аясында 1200 көшет отырғызды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • Кеше
Су тасқыны: тағы бірнеше жол учаскесі жабылды
«ҚазАвтоЖол» республикалық маңызы бар бірнеше автожол учаскесінде су тасқыны болғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • Кеше
Тәжікстан жіберген гуманитарлық көмек Ақтөбе облысына жетті
Ақтөбеге тағы бір гуманитарлық жүк жетті. Бұл жолы елдегі су тасқынынан зардап шеккендерге бауырлас Тәжікстан халқы қолдау көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • Кеше
Ақтөбеде орталық директоры мүгедектерге тиесілі 30 миллион теңгені жеп қойған
Ақтөбеде “Мore Life” қоғамдық қорының директоры балаларды емдеуге арналған қаражатты иемденді деген күдікпен қамауға алынды деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Сәуір, 2024
Биыл 4 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
Жыл басынан бері 4 351 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 132,7 мың этникалық қазақ оралды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
Спорт • 23 Сәуір, 2024
Париж Олимпиадасы: қоржынға 47-ші жолдама түсті
Қатар елінің астанасы Дохада стенд атудан өтіп жатқан Әлем кубогі кезеңінде сынға түскен Мария Дмитриенко дүбірлі доданың жолдамасына қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 23 Сәуір, 2024
«Бірін-бірі аямайды». Мырзағали Айтжанов боксшылардың бірлескен жаттығуы қалай өткенін айтты
Түркістан облысындағы Алма-Тау оқу-жаттығу базасында бокстан Қазақстан құрамасы мен шетелдік боксшылардың бірлескен жаттығуы өтті. Бірлескен дайындыққа ел боксшыларымен бірге Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Қырғызстан, Куба мемлекеттерінің чемпиондары да қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 23 Сәуір, 2024
Қарағанды облысындағы өртенген орманға 90 мың қарағай көшеті отырғызылады
Қарағанды облысының орманшылары Кирзавод ауданындағы өртенген орманға 90 мың қарағай көшетін отырғызуға ниетті. Орманды жаппай қалпына келтіру «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.