Дилетант
Әдебиет • 20 Қаңтар, 2022
Әдебиетте жақсы шығарма жазған әр қаламгердің өмір жолы әртүрлі. Ол тағдырлар барша әлемге жазушылыққа тек қызығушылықпен келмейтінін дәлелдеді. Шынында, оқырман жата-жастана оқыған, кейіпкерлерін талқылап, іс-әрекеттерін сынаған кітаптар қалай жазылды? Шығармадағы ширығу, ішкі сезіну, образдың мінезін ашуда автор қандай күй кешті? Оның кейіпкерлерінің жаны қаншалықты өзінікімен ұқсас? Оқырман автор шығармаларын оқып тауысқан соң, оның жеке өміріне, биографиясына қызығады. Бұл – заңдылық. Ал жүздеген жылдар бұрын өмір сүріп, әдебиетте жұлдызы жанған кей жазушылардың өмірі осы күнге дейін талқыланып жатады. Тұлғалық өмірдің әлі де бір құпиялары шығып келеді. Планетадағы миллиардтаған адамның бірінің (һәм бірегейі) ғұмыры ғасырдан да ұзақ жылдар бойы қоғамға қызықты болуын қандай құбылысқа балауға болады?..