ас
Елорда • Бүгін, 17:26
Астанада Айкөл Манас ескерткіші ашылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров Айкөл Манас ескерткішін салтанатты түрде ашу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • Бүгін, 17:10
Елімізде су саласы мамандарын даярлау желісі кеңейтіледі
4 макроөңірде экономика салалары бойынша, оның ішінде су саласының болашақ мамандарын даярлайтын тірек колледждер құрылады. 2024-2025 жылдары «Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің тазарту құрылыстарын пайдалану», «Гидротехникалық мелиорация», «Гидротехникалық құрылыс» және тағы басқа мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік білім беруде мемлекеттік білім беру тапсырысын ұлғайту жоспарланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • Бүгін, 16:16
Жараланған полицей қарулы адамды ұстады
Алматы облысында полиция қызметкері қарулы адамды ұстады. Шақырту бойынша келген полицейге агрессор оқ атып үлгерген, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • Бүгін, 16:00
Қонаев қаласының әкімі тағайындалды
Алматы облысы әкімінің өкімімен Бердіханов Асхат Ермекұлы Қонаев қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • Бүгін, 15:43
Сенаторлар Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы жұмысына қатысты
Сенат депутаттары Ольга Перепечина мен Жанна Асанова Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының көктемгі сессиясына қатысып, ЕКПА Төрағасы Теодорос Русопулоспен кездесті. Жиын қатысушылары Қазақстанның Еуропа Кеңесімен және Парламенттік Ассамблеямен әріптестік қатынастарын дамытуды, сондай-ақ адам құқықтарын қорғау, демократия, заң үстемдігі мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • Бүгін, 14:40
Мемлекет басшысы Садыр Жапаровты «Достық» орденімен марапаттады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровқа I дәрежелі «Достық» орденін табыс етті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • Бүгін, 14:15
Астанада жылу беру маусымы аяқталады
Астана қаласының әкімдігі елордадағы жылы ауа температурасын есепке алып, қаладағы жылыту маусымын аяқтайтынын хабаралады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • Бүгін, 14:00
Тасқынның екінші кезеңі: ШҚО-да дайындық қыза түсті
Орта таулы аумақта және таулардың оңтүстік беткейлерінде қар жамылғысының еруіне байланысты Шығыс Қазақстан облысында су тасқынының екінші толқыны басталды. Солтүстік, солтүстік-шығыс және шығыс аудандары, атап айтқанда Риддер қаласы, Алтай, Самар, Марқакөл, Глубоковский, Катонқарағай, Күршім, Шемонаиха аудандары ерекше бақылауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • Бүгін, 13:35
Жайық Орал қаласының тұсында 8 метрге жетті
Батыс Қазақстан облысы көктемгі су тасқынына байланысты күрделі де қиын кезеңді бастан кешіріп жатыр. Жайық өзеніндегі су деңгейі Орал қаласы тұсында қауіпті деңгейге жақындады.
Қоғам • Бүгін, 12:51
Табиғи апаттан зардап шеккендерге қол ұшын созғандар саны артты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық кәсіпкерлер мен ірі компанияларға су тасқыны салдарынан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетуді тапсырған еді. Осы орайда Maqsut Narikbayev University Президенттің бастамасын қолдап, қиын жағдайға тап болғандарға тікелей көмек көрсету туралы шешім қабылдады, деп жазады Egemen.kz.
Білім • Бүгін, 12:17
Астана мектептеріндегі теракт: полицейлер үндеу жолдады
Telegram мессенджерінде Астана мектептерінде жаппай терроризм ұйымдастырылатыны туралы хабарлама тарап жатыр. Осыған байланысты қалалық полиция басқармасы мәлімдеме жасады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • Бүгін, 11:33
Жылыойда тасқыннан зардап шеккендерге өтемақы төлене бастады
Су тасқынынан зардап шеккен Жылыой ауданының 1 866 отбасына 100 АЕК көлемінде материалдық көмек көрсетілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • Бүгін, 10:43
Атырауда құм толтырылған қапшықтарды ұрлаған 5 адам ұсталды
Жұрт тасқын суға қарсы жұмылғанда, 5 адам бөгеттегі қапшықтарды ұрлауға кіріскен.
ANTIKOR • Бүгін, 09:53
75 млн теңге сұраған. «Алматы Су» бас директорының орынбасары ұсталды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Алматы Су» бас директорының орынбасары мен Қызылорда облысы кәсіпкерлік басқармасының басшысын ұстады. Олар ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • Бүгін, 09:28
БҚО-да су тасқынымен күрес шаралары жалғасып жатыр
Батыс Қазақстан облысына жұмылдырылған Астана қаласының ТЖД құтқарушылары су тасқынына қарсы жұмыстарға белсене қатысып, баспанасы суға батқан тұрғындарды эвакуациялап жатыр, деп жазады Egemen.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • Бүгін, 09:20
Астанадағы Ұлы дала даңғылын су басты
Астана қаласындағы Ұлы дала даңғылын су басты. Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлағандай, даңғылға жайылған су қардың қарқынды еруінен пайда болған, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • Бүгін, 00:20
Алматы облысында әйелін ұрып-соққан ер адам шақыртуға келген полицейлерге оқ атқан
Алматы облысында күйеуінен таяқ жеген әйел үйіне полиция шақырған. Ер адам тәртіп сақшыларына да бағынбай, полицейлерге қарсы оқ атқан. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • Кеше
Тасқыннан зардап шеккендердің шығынын өтеу қағидаларын қайта қарау ұсынылды
Тасқын судан зардап шеккендерден біржолғы көмек бойынша құжаттар қарқынды түрде қабылданып жатыр. Алайда баспанасынан айырылған тұрғындар мемлекет тарапынан қажетті материалдық қолдау болмай қалуы мүмкін деп алаңдап отыр. Бұл мәселені сенатор Әсем Рахметова көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • Кеше
Шаған су қоймасының қақпасына темір қорғандар қойыла бастады
Жайық өзеніндегі су деңгейі 779 см-ге жетті, ал қауіпті деңгей - 850 см. Енді өңірдегі Шаған су қоймасының қақпаларына темір қорғандар орнатыла бастады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • Кеше
Садыр Жапаров Қазақстанға ресми сапармен келді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровты елорда әуежайында қарсы алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • Кеше
Air Astana су басқан аймақтарға 75 тонна гуманитарлық жүк тасымалдаған
Елімізде су тасқыны басталғалы бері Air Astana мен FlyArystan зілзала аймағына 75 тонна гуманитарлық жүкті тегін тасымалдады. Мұндай салмақты тасымалдау құны 34 миллион теңгеге пара-пар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • Кеше
Париж олимпиадасына аттанатын ұлттық құраманың киім үлгісі таныстырылды
Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде өткен отырыста Туризм және спорт министрлігінің өкілі ел спортшыларының Париж олимпиадасына киетін киім үлгісін таныстырды, деп жазады Egemen.kz kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.
Аймақтар • Кеше
БҚО-да тасқыннан зардап шеккендер жәрдемақы алып жатыр
Батыс Қазақстан облысы көктемгі су тасқынына байланысты күрделі де қиын кезеңді бастан кешіріп жатыр. Жайық өзеніндегі су деңгейі Орал қаласы тұсында қауіпті деңгейге жақындады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • Кеше
Су тасқыны келтірген шығынды оңай есептейтін сервис әзірленді
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі eGov mobile мобильді қосымшасында су тасқыны салдарынан келтірілген материалдық шығынды оңай есептейтін жаңа сервис әзірледі. Өтемақы бойынша өтініштерді қабылдауға арналған сервис 17 сәуір күні іске қосылды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • Кеше
Адам саудасымен айналысқан Өзбекстан азаматы ұсталды
10 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстан азаматы Астанада ұсталды. Ол адам саудасымен айналысқаны үшін айыпталып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • Кеше
Су тасқыны салдарынан көз жұмғандар саны нақтыланды
Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев ел өңірлерінде болып жатқан су тасқыны салдарынан қаза тапқан адамдардың санын атады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • Кеше
Қызыл сумен күрес: қазіргі ахуал қандай?
Төтенше жағдайлар министрлігі әр сағаттың басында су тасқынына байланысты жағдайды баяндау үрдісін жалғастырып жатыр. ОКҚ алаңында өткен брифингте ведомствоға қарасты Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш қазіргі жағдай туралы баяндады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • Кеше
«Ақтау-Құрық» тас жолында жол апаты болды
Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының баспасөз қызметі кеше, 17 сәуірде болған жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам ауруханаға жеткізілгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • Кеше
Миы шайқалған: Астанада оқушы мектеп терезесінен секіріп кетті
Дәрігерлер оқушының миы шайқалып, оң жақ білегі мен оң аяғы сынғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • Кеше
Жылыойда тұрғын үй мен ғимараттарды су басты
18 сәуірге қараған түні Атырау облысының Жылыой ауданында тұрғын үйлер мен ғимараттарды су басып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.