реформа
Қазақстан • 01 Наурыз, 2024
Біз үшін уақыт талабына сай құжат әзірлеу маңызды – Олжас Төлеуов
Реформалар агенттігінде «Қазақстанның 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарын бекіту туралы» Президент Жарлығының жобасын талқылау бойынша стратегиялық сессия өтті. Агенттік Төрағасының орынбасары Олжас Төлеуов атап өткендей, Реформалар агенттігі әрқашан интерактивті өзара іс-қимыл жасауға және түрлі көзқарастарды талқылауға дайын.
Үкімет • 09 Ақпан, 2024
Министрлер өз бетінше шешім қабылдай білуі тиіс - Олжас Бектенов
Премьер-министр Олжас Бектенов 7 ақпан күні Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырған міндеттерді талқылау үшін кеңес өткізді. Жиында Үкімет басшысы МӘМС жүйесін қайта реформалап, әр министр өз саласында шешім қабылдай білуі тиіс екенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 07 Ақпан, 2024
Бірнеше салаға ауқымды реформа жүргізіледі
Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекеттік сатып алу, мемлекет пен жекеменшік серіктестік, құрылыс саласына да ауқымды реформа жүргізу қажеттігі айтылды, деп жазады Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 07 Ақпан, 2024
Президент салық жүйесіне жасанды интеллектіні енгізуді тапсырды
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев Салық жүйесін толық цифрландыру қажет екенін айтты. Президенттің пайымынша, бұл сала цифрлық тәсілдерді, әсіресе жасанды интеллектіні қолдану жағынан ең алдыңғы шепте болуға тиіс. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Қаңтар, 2024
Мәжіліс төрағасы Ұлытау облысының тұрғындарымен Президент реформаларын талқылады
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған депутаттар тобы Ұлытау облысына барды. Олар облыс активімен, өндіріс орындарының жұмысшыларымен кездесіп, Жезқазған жылу электр орталығының жұмысымен танысты және «Анненская» кенішіне түсті, деп хабарлайды Egemen.kz төменгі Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат • 03 Қаңтар, 2024
Мәулен Әшімбаев: Қазақстан салиқалы және прагматикалық саясатты жалғастырады
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетіндегі сұхбатына қатысты пікірін білдірді.
Сенат • 03 Қаңтар, 2024
Сенатор: Президент екінші мәрте сайлауға түсе алмайды
Сенат депутаты Нұрлан Бекназаров Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатына қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 03 Қаңтар, 2024
Мемлекет басшысы: Бұл кезең еліміздің бес жылдық дамуының негізі болады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында өткен жылы елімізде елеулі оқиғалар болғанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 13 Желтоқсан, 2023
Сот жүйесін реформалау талқыланды
Премьер-министр Әлихан Смайылов Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакировпен кездесіп, сот жүйесін реформалау жөніндегі заңнамалық түзетулердің екінші блогын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 08 Қараша, 2023
Президентке елдегі реформаларға қатысты сараптама жұмыстары таныстырылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Жандос Шаймардановты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 12 Қазан, 2023
Біз саяси жүйені түбегейлі жаңғыртып жатырмыз – Президент
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев IT индустриясының соңғы үрдістері мен даму перспективалары талқыланған Digital Bridge форумында оқыған баяндамасын осылай түйіндеді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 01 Қыркүйек, 2023
Тариф саясатына өзгеріс керек - Мемлекет басшысы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында елдегі тариф саясатына да түбегейлі өзгеріс қажет екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 01 Қыркүйек, 2023
Ауқымды саяси жаңғыру жұмыстары жүргізілді – Президент
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында осылай деді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 31 Тамыз, 2023
Қазақстандағы реформаларды шетелдік саясаткерлер де сараптауда
Саяси редактор Ник Пауэлл 30 тамыз - Қазақстанның Конституциясы күніне орай Бельгияның EUReporter басылымына «Қазақстанда саяси реформа жалғасуда» деген тақырыпта саяси сараптамалық мақала жариялады.
Реформа • 31 Тамыз, 2023
Альберт Рау: «Азаматтардың әл-ауқатын арттыру – Президент реформаларының басты мақсаты»
Мемлекет басшысының реформалары барлығына тең мүмкіндіктер мен әділеттілікті қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл туралы Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары, «AMANAT» фракциясының мүшесі Альберт Рау партия фракциясының кеңейтілген отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 22 Маусым, 2023
Президент Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысын өткізді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 13 Маусым, 2023
Онлайн күнделіктің көлеңкелі тұстары
Жуырда білім жүйесіндегі бұрынғы «Kundelik.kz» «Bilim Land» атауымен қайта іске қосылды. «Мұғалім – оқушы – ата-ана» пирамадалық құрылымы негізінде жұмыс істейтін жобаның артықшылығы мен кемшілігі қандай?
Білім • 13 Маусым, 2023
«300 беттік кітап» немесе білім беру жоспарындағы жүйесіздік
Қазақстанда ең көп өзгертулер енгізілген сала - білім саласы. Десе де осы уақытқа дейін енгізілген реформаның бірі де оң нәтиже берген жоқ. Бұның себебін Түркістан облысының жоғары санатты шебер-педагогы Нұрғали Махан «Egemen Qazaqstan» газетіне жариялаған Білім «реформалары» хақында мақаласында түсіндіріп берді.
Әлем • 24 Наурыз, 2023
Франциядағы шеру толастамай тұр
Францияда үкіметтің зейнеткерлік жасын 62-ден 64-ке көтеру туралы шешімінен туындаған дағдарыс жалғасып жатыр. Бейсенбідегі зейнетақы реформасына қарсы наразылық акцияларына бүкіл ел бойынша миллионнан астам адам қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz ВВС-ге сілтеме жасап.
Қазақстан • 06 Наурыз, 2023
ЕҚЫҰ сарапшылары еліміздегі сайлау жүйесінің реформасына оң баға берді
ЕҚЫҰ сарапшылары Қазақстанда жүзеге асырылған сайлау жүйесінің реформасының кейбір ережелері Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының алдыңғы ұстанымдарына сәйкес келетінін мәлімдеді. Бұл туралы Сыртқы істер министрігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Реформа • 25 Ақпан, 2023
Мадрид Қазақстандағы саяси реформаларды қолдайды
Қазақстан елшісі Данат Мұсаев Испанияның Сыртқы және жаһандық істер жөніндегі Мемлекеттік хатшысы Анхелес Морено Баумен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Реформа • 26 Қаңтар, 2023
Президент: Конституциялық реформа – жаңа саяси дәуірдің бастауы
Мемлекет басшысы Парламент Сенатының отырысында еліміздің саяси жүйесін эволюциялық жолмен дамытуға жол ашқан реформа жайында баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 03 Қаңтар, 2023
Ерлан Қарин: Саяси күн тәртібін Президент белгілеген реформалар векторы айқындайды
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин биыл Қазақстанда қандай саяси реформалар өткізілетіні жайлы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 05 Желтоқсан, 2022
Асхат Аймағамбетов ең үлкен реформа жайлы айтты
Биыл мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңа Мемлекеттік стандарты мен үлгілік бағдарламасы қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 16 Қараша, 2022
Президент Конституциялық реформаға қатысты пікір білдірді
Конституциялық реформа саяси жүйеміздің қызмет етуінің мүлде жаңа стандарттарын белгілейді, мемлекет пен қоғам арасындағы қарым-қатынасты жаңаша айқындайды. Бұл туралы Президент Алматы жұртшылығымен кездесуде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 29 Қазан, 2022
Өзбекстан парламентшілері Қазақстандағы реформаларды жоғары бағалады
Өзбекстан Олий Мажлисі Сенатының Төрайымы Танзила Нарбаева ҚР Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевпен кездесу кезінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әділетті Қазақстанды құру жолында жүргізіп жатқан ауқымды реформаларының маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 19 Қазан, 2022
Конституциялық реформа аясындағы заң жобалары Сенатқа тапсырылды
Астанада «Қазақстанның саяси трансформациясы: үрдістер мен келешек» сарапшылық форумы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 19 Қазан, 2022
Мәслихаттар елімізде жүргізіліп жатқан реформалар бағытын қолдайды
ҚР Парламенті Сенатында Төраға орынбасары Асқар Шәкіровтың төрағалық етуімен Жергілікті өкілді органдармен (мәслихаттармен) өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің кеңейтілген отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 14 Қазан, 2022
Люксембург Қазақстандағы реформаларды қолдайды
Кеше Ұлы Люксембург Герцогтігінің Сыртқы және Еуропа істері министрі Жан Ассельборн Қазақстан Республикасының елшісі Марғұлан Баймұханды қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 08 Қазан, 2022
ЕҚЫҰ БАҚ бостандығы жөніндегі өкілі Президент реформасын оң бағалады
Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының БАҚ бостандығы жөніндегі өкілі Тереза Рибейромен онлайн форматта кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.