сырт
Президент • 19 Ақпан, 2024
Мемлекет басшысы Өзбекстанның Сыртқы істер министрін қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанның сыртқы саясат ведомствосының басшысы Бахтиёр Саидовқа ілтипат білдіре отырып, қазақ-өзбек ынтымақтастығы барлық салада қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстан бауырлас Өзбекстанмен өзара қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға баса мән береді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 06 Ақпан, 2024
Мұрат Нұртілеу Сыртқы істер министрі болып қайта тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Саясат • 09 Қараша, 2023
Қазақстан елшісі Кореяның жоғарғы дипломатиялық орденімен марапатталды
Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы бұрынғы елшісі Бақыт Дүйсенбаевты Корея Республикасы Президентінің I дәрежелі «Дипломатиялық еңбегі үшін» орденімен (Кванхва ордені) марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 03 Қыркүйек, 2023
Сыртқы істер министрлері телефонмен тілдесті
Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Egemen.kz Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің ақпаратына сүйеніп.
Президент • 11 Тамыз, 2023
Мемлекет басшысы Солтүстік Македония Республикасының Сыртқы істер министрін қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы, Солтүстік Македония Республикасының Сыртқы істер министрі Буяр Османиді қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 27 Шілде, 2023
Грузия университеттерінде Қазақстан әдебиетінің бұрыштары ашылды
Қазақстанның Грузиядағы елшілігі Иване Джавахишвили атындағы Тбилиси мемлекеттік университетінің кітапханасына, сондай-ақ Сухуми мемлекеттік университетінің жанындағы Абай кабинетіне Қазақстан туралы кітаптар сыйлады, деп хабарлайды Egemen.kz Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 05 Шілде, 2023
Мемлекет басшысы Швейцарияның Сыртқы істер министрін қабылдады
Мемлекет басшысы Швейцарияның Сыртқы істер министрі Иньяцио Кассисті қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Саясат • 18 Сәуір, 2023
Қазақстан Армениямен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге дайын
Қазақстан Елшісі Болат Иманбаев Арменияның Аумақтық басқару және инфрақұрылым министрі Гнел Саносянмен кездесті. Жиын барысында көлік, энергетика, жер қойнауын пайдалану және өңіраралық саласындағы Қазақстан-Армения арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөнінде уағдаластықтарға қол жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 18 Сәуір, 2023
Қазақстан және Оман сауда-экономикалық ынтымақтастығын нығайтады
Қазақстанның Оман Сұлтандығындағы Елшісі Нажмедин Мұхаметәліұлы Оман Сауда, өнеркәсіп және инвестицияларды қолдау министрі Қайс әл-Юсефпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 11 Қаңтар, 2023
Қазақстанның сыртқы тауар айналымы 34,1%-ға өсті
Өткен жылы Қазақстанның сыртқы тауар айналымы 34,1%-ға өсіп, 110,6 млрд АҚШ долларына жетті. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин ведомство алқасының кеңейтілген отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 30 Желтоқсан, 2022
Қазақстанға шетелдік инвестициялар ағыны өскен
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі ұсынған деректерге қарағанда, 2022 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялардың (ТШИ) жалпы ағыны 22,1 млрд АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,8%-ға артық, деп хабарлайды Egemen.kz Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 16 Қараша, 2022
Қазақстанның Тұрақты өкілі ЕҚЫҰ Бас хатшысына сенім грамоталарын табыстады
Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Әлібек Бақаев ЕҚЫҰ Бас хатшысы Хельга Шмидке сенім грамоталарын табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 14 Қараша, 2022
Қазақстан Украинада сайлау учаскесін ашпайды
Қазақстан Украинада сайлау учаскесін ашпау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Қараша, 2022
Ыстанбұлдағы жарылыс: Қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Ыстанбұлдағы терактіде қаза тапқандар арасында қазақстандықтардың жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 06 Қазан, 2022
Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен Қайрат Ермекұлы Омаров Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Қазақстан • 23 Маусым, 2022
Қазақстанда шенеуніктерге сыртқы қарыздарды игермегені үшін айыппұл салынады
ҚР Парламенті Сенатының депутаттары «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екі оқылымда қолдады. Құжат Мемлекет басшысының қолына жіберілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Маусым, 2022
Бурабай мен Марқакөл ЮНЕСКО биосферлық резерваттар желісіне кірді
«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі және Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы ЮНЕСКО-ның биосфералық резерваттарының жаһандық желісіне қосу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 13 Маусым, 2022
Сыртқы істер министрлігі консультативтік-кеңесші органдардың санын қысқартты
Сыртқы істер министрлігі жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың саны қысқартылды, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасап.
Үкімет • 03 Мамыр, 2022
Сыртқы экономикалық жағдай салдарын жеңілдетуге 1,2 трлн теңге бөлінеді
Сыртқы экономикалық жағдай салдарын жеңілдету үшін биыл экономиканың нақты секторына 1,2 трлн теңге бөлу жоспарланған. Бұл туралы бүгін Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың Реформалар жөніндегі жоғары кеңес төрағасының орынбасары Сэр Сума Чакрабартимен кездесуінде айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан • 11 Сәуір, 2022
Мұхтар Тілеуберді Еуропарламент делегациясын қабылдады
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді «Қазақстан Республикасы – Еуропалық одақ» Парламенттік ынтымақтастық комитетінің 19-шы отырысына қатысу мақсатымен Қазақстанға келген Еуропалық парламент делегациясын қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 05 Наурыз, 2022
Қазақстанға мың тонна гүл жеткізілді
Қазақстанға гүлдер негізінен шет елдерден әкелетіні белгілі. Осыған орай ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде сырт елдерден гүлдерді әкелуге байланысты қызықты деректермен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тәуелсіздік • 12 Желтоқсан, 2021
Тәу етер Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейлі белесіне еліміздің толайым табыстармен жетуіне сыртқы саясат саласының қосқан үлесі зор екені анық. Мәмілегерлікті есе жібермей, есебін тауып, елдің еңсесін тіктеу десек, Елбасы еліміздің сыртқы саяси келбетін сымбатты қалыптастырды. Шиеленістерді шешіп, шекарамызды шегендеп берді. Көршілермен іргелес созылған құрлықтағы ең алып шекара Отанымыздың мызғымас тағанына айналды. Қазақстан әлемдік қауымдастықта бейбітшіл айшықты саясаты арқылы өрнек салды, көптеген жаһандық бастамаға ұйытқы болды. Сыртқы саясатымызда осы сабақтастықтың жемісті жалғасып келе жатқанын Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың соңғы 100 күндегі іс-шараларынан да аңғаруға болады.
Әлем • 10 Желтоқсан, 2021
Бельгияда Қазақстан тарихы туралы кітап жарық көрді
Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында Брюссельде белгілі қазақстандық ғалым, профессор Мұхит-Ардагер Сыдықназаровтың «Тарих толқынындағы Қазақстанның үзіліссіз мемлекеттілігі. XVI-XIX ғасырлардағы еуропалық және америкалық карталардағы Қазақ мемлекеті» атты бірегей кітаптың тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 09 Желтоқсан, 2021
Қазақстан мен Мексиканың ынтымақтастығы нығаяды
Қазақстан мен Мексика арасында бейнеконференция режимінде саяси консультациялар өткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 27 Қараша, 2021
Брюссельде Қазақстанға инвестиция салу перспективалары талқыланды
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бельгия Корольдігіне ресми сапары аясында 20-дан астам ірі еуропалық компания басшылығының қатысуымен «Қазақстан - Бельгия - Люксембург: инвестициялық ынтымақтастық перспективалары» атты дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Kazakh Invest баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 24 Қараша, 2021
Депутат ұлттық экономикалық мүдделерді қорғауды талап етті
«Ақ жол» ұлттық экономикалық мүдделерді қорғауды талап етті. Ол туралы «Ақ жол» фракциясының депутаттық сауалын Ерлан Барлыбаев баяндады, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 23 Қараша, 2021
Таяуда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысына қатысып, сол жиын барысында еліміздің сыртқы саясатындағы негізгі бағыттарды айқындап берді. Бұл айқындалған негізгі бағыттар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сыртқы саясатқа қатысты ұстанған жолымен үйлесіп, сындарлы сабақтастық осылайша жалғасын тауып отыр. Осы орайда, Қазақстан алдағы уақытта қандай басымдықтарға мән беретініне тоқталуды жөн көріп отырмыз.
Президент • 18 Қараша, 2021
Шекараны бекітуге атсалысқан дипломаттар мемлекеттік нагрдамен марапатталады
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде шекараны бекітуге атсалысқан дипломаттар мемлекеттік нагрдамен марапатталатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 17 Қараша, 2021
Сыртқы істер министрінің орынбасары ЕКПА төрағасымен кездесті
Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының төрағасы Рик Демспен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 17 Қараша, 2021
Президент Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген отырысына қатысады
Ертең Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысына қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің Facebook парақшасына сілтеме жасап. .