төраға
Президент • Бүгін, 11:13
Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясы ХХХІІІ сессиясының отырысы басталды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясының отырысы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • Бүгін, 09:54
Шымкент қалалық сотының төрағасы тағайындалды
Әділхан Шайхисламов Шымкент қалалық сотының төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Жоғарғы Соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 19 Сәуір, 2024
Сенаторлар Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы жұмысына қатысты
Сенат депутаттары Ольга Перепечина мен Жанна Асанова Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының көктемгі сессиясына қатысып, ЕКПА Төрағасы Теодорос Русопулоспен кездесті. Жиын қатысушылары Қазақстанның Еуропа Кеңесімен және Парламенттік Ассамблеямен әріптестік қатынастарын дамытуды, сондай-ақ адам құқықтарын қорғау, демократия, заң үстемдігі мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат • 12 Сәуір, 2024
Сенат Спикері Грузия Парламентінің Төрағасымен кездесті
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаев Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келген Грузия Парламентінің Төрағасы Шалва Папуашвилимен кездесті. Тараптар парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайту және тағы басқа өзекті мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 12 Сәуір, 2024
Мемлекет басшысы Грузия Парламентінің төрағасын қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Грузия Парламентінің төрағасы Шалва Папуашвилиге ілтипат білдіре отырып, Қазақстан Оңтүстік Кавказ өңіріндегі негізгі серіктестерінің бірі – Грузиямен жан-жақты қарым-қатынасты нығайтуға айрықша мән беретінін атап өтті. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Грузия арасындағы достық пен өзара түсіністік екіжақты байланыстарды тереңдету ісінде елеулі табысқа қол жеткізу үшін берік негіз болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Парламент • 11 Сәуір, 2024
Қазақстан мен Грузия дипломатиялық қатынастарын нығайтты
Бүгін Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Қазақстанға ресми сапармен келген Грузия Парламентінің төрағасы Шалва Папуашвилимен кездесті. Бұл – Шалва Папуашвилидің Астанаға алғашқы ресми сапары. Грузия Парламенті делегациясын қарсы алған Ерлан Қошанов қазақ және грузин халықтарын тығыз тарихи қарым-қатынас пен мәдени дәстүрлер байланыстыратынын атап өтті. Екі ел арасында дипломатиялық қатынас орнағалы тиімді саяси диалог жолға қойылды.
Қоғам • 03 Сәуір, 2024
Мәулен Әшімбаев: Өмірбек Байгелдіұлы – ұлтқа қызмет етудің озық үлгісін көрсеткен тұлға
Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Өмірбек Байгелдінің өмірден өтуіне байланысты әлеуметтік желіде жазба қалдырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат • 03 Сәуір, 2024
Сенаттың алғашқы төрағасы өмірден өтті
Бүгін Астана қаласында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Өмірбек Байгелді өмірден өтті. Қазаны Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 02 Сәуір, 2024
Президентке Жоғары аудиторлық палатаның алдағы жоспарлары баяндалды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайыловты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Тағайындау • 01 Сәуір, 2024
Әлихан Смайылов лауазымды қызметке қайта оралды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұрынғы Үкімет басшысы Әлихан Смайыловты жаңа қызметке тағайындады, деп жазады Egemen.kz.
Сенат • 26 Наурыз, 2024
Мәулен Әшімбаев АҚШ Конгресі сенаторымен кездесті
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев АҚШ Конгресінің сенаторы Стив Дэйнспен кездесті. Тараптар екіжақты парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін талқылады. Кездесу барысында Қазақстан-АҚШ қарым-қатынасын дамытуда жоғары деңгейдегі мемлекетаралық тұрақты саяси диалогтың ықпалы зор екені айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 24 Наурыз, 2024
Сенат Төрағасы Ресейдің Қазақстандағы елшісіне көңіл айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Елшілігіне барды, деп хабарлайды Egemen.kz Парламент Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат • 19 Наурыз, 2024
Сенат Төрағасы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталығына барды
Наурызнама онкүндігі аясында Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған бір топ депутат елордадағы мүгедектігі бар балаларға арналған оңалту орталығы қызметкерлерімен және емделушілерімен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 18 Наурыз, 2024
Инвестициялық ынтымақтастық перспективалары талқыланды
Премьер-министр Олжас Бектенов Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовпен инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту перспективалары бойынша кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат • 08 Наурыз, 2024
Мәулен Әшімбаев: Аналарымыздың ақ тілегі жарқын күндерге жетелейді
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев нәзік жандыларды құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 08 Наурыз, 2024
Мәжіліс Төрағасы 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 04 Наурыз, 2024
Президент «Астана» халықаралық қаржы орталығы Сот төрағасының ант беру рәсіміне қатысты
Бүгін Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен АХҚО Сотының жаңадан тағайындалған төрағасы лорд Ян Бернеттің ресми ант беру рәсімі өтті, деп жазады Egemen.kz.
Сенат • 01 Наурыз, 2024
Қиын-қыстау кезеңде халқымыз қамқорлықтың озық үлгісін көрсете білді - Мәулен Әшімбаев
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Алғыс айту күніне орай «Қазақ еліне мың алғыс» монументіне гүл шоғын қойды. Палата Спикері Қазақстан халқын құттықтап, Алғыс айту күні достық, адамгершілік, өзара көмек сияқты құндылықтарды дәріптейтінін атап өтті. Сондай-ақ ол бұл мереке дәстүр мен тарихқа көрсетілген құрметтің жарқын көрінісі екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат • 23 Ақпан, 2024
Сенат Төрағасы Мұсылман ақсақалдар кеңесінің бас хатшысымен кездесті
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Мұсылман ақсақалдар кеңесінің Бас хатшысы Мұхаммед Әбделсаламмен кездесіп, жаһандық дінаралық және өркениетаралық диалогты одан әрі ілгерілету бағытындағы өзара іс-қимылдың келешегін талқылады, деп жазады Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 15 Ақпан, 2024
ҚТЖ проблемаларын шешу үшін жеке инвестиция тарту керек - Сенат Төрағасы
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Палата отырысында нарыққа жеке компанияларды тарту қажеттігі туралы ойын айтты. Мұндай ұсыныс сенаторлардың «Қазақстан темір жолы» АҚ қызметі туралы депутаттық сауалына Көлік министрі Марат Қарабаевтың берген жауабына байланысты айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 13 Ақпан, 2024
ҰҚК Төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 09 Ақпан, 2024
Жоғары Сот Кеңесінің хатшысы тағайындалды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Жоғары Сот Кеңесінің хатшысы тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 06 Ақпан, 2024
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов коронавируспен ауырып қалды
Бүгін өткен Мәжіліс отырысына Ерлан Қошанов қатыспады. Мәжілістің баспасөз қызметі спикердің коронавирус инфекциясына шалдыққанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz Казинформ агенттігіне сілтеме жасап.
Президент • 02 Ақпан, 2024
Президент Жоғары аудиторлық палата төрағасына бірқатар тапсырма берді
Мемлекет басшысы Жоғары аудиторлық палата төрағасы Наталья Годунованы қабылдады. Мемлекет басшысына Жоғары аудиторлық палатаның былтыр атқарған жұмысы туралы есеп беріліп, алдағы кезеңге арналған жоспары баяндалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат • 02 Ақпан, 2024
Сенат Төрағасы OzgeEpic креатив хабының жұмысымен танысты
OzgeEpic креатив хабына барған Палата Спикері Мәулен Әшімбаев «Ел-ана» көрмесінің жұмысымен және команданың бірқатар арт-перформансымен танысты. Хаб қызметінің негізгі бағыты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу және өнер саласындағы таланттардың қолдау, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 11 Қаңтар, 2024
Сенаттың жаңа жылдағы алғашқы отырысы өңірлердегі өзекті мәселелерді талқылаумен басталды. Ресеймен шекарада Қазақстан кәсіпкерлерінің өнімдерін тексеру мерзімінің ұзақтығы отандық өндірушілер үшін проблемаға айналып отыр. Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев бұл ретте ережелер барлық қатысушылар үшін бірдей болу керектігін айтып, осы түйткілге қатысты Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевті жедел тиісті шаралар қабылдауға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 08 Қаңтар, 2024
Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы тағайындалды
Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы болып Рустам Әли тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат • 03 Қаңтар, 2024
Мәулен Әшімбаев: Қазақстан салиқалы және прагматикалық саясатты жалғастырады
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетіндегі сұхбатына қатысты пікірін білдірді.
Экология • 03 Қаңтар, 2024
Аралды құтқару халықаралық қорына Қазақстан төрағалық етеді
Аралды құтқару халықаралық қорына төрағалық ету кезегі 2024 жылдан бастап елімізге өтті. Алдағы үш жылда аталған ұйымды Қазақстан басқарады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылдың соңына дейін ХАҚҚ Президенті болып сайланды. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 19 Желтоқсан, 2023
Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасына көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың солтүстік-батысында болған жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.