қалыңдық
Видео • 06 Тамыз, 2020
Ливандағы жарылыс кезінде камераға түсіп жатқан қалыңдықтың видеосы интернетте таралды
Естеріңізде болса, 2020 жылдың 4 тамыз күні жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00 шамасында Бейруттағы теңіз портының базасында жойқын жарылыс болды. Жарылыс салдарынан жақын және бірнеше шақырым жерде орналасқан ғимараттар қирап, көбі бүлінген. Олардың арасында Қазақстан елшілігінің ғимараты да бар. Осы оқиға кесірінен 5 мыңнан астам тұрғын жарақаттанған. Соңғы деректерге сенсек, жарылыстан 137 адам көз жұмды.