Үкімет • 23 Қазан, 2023
Қаржылық сауатты арттыру қажет
Мәжілісте халықтың шамадан тыс несие алу және қаржылық сауатын арттыру мәселелері бойынша парламенттік тыңдау өтті. Тақырып бойынша Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, жауапты салалардың басшылары мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері сөз сөйледі.
Сайлау • 23 Қазан, 2023
Сайлау: дайындық және өткізу тәртібі
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров қанатқақты аудандар әкімдерінің сайлауына дайындық және оны өткізу барысын тексеру мақсатында жұмыс сапарымен Түркістан және Жамбыл облыстарына барды. Сапарға ОСК хатшысы Мұхтар Ерман, сондай-ақ Ортсайлауком аппаратының жауапты қызметкерлері қатысты.
Білім • 23 Қазан, 2023
Қостанайдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушылары Ерболат Сембаев пен Ілияс Бәйішев интерактивті зияткерлік ойын өткізуге арналған онлайн жүйе жасап шығарды. Олардың ойлап тапқан жүйесі қатысушыларға қойылған ашық сауалдардың жауабын автоматты түрде тексеріп, дұрыс-бұрысын бағалап отырады.
Құқық • 23 Қазан, 2023
Заңсыз иеленген зауыт қайтарыла ма?
Бүгінгі таңда баламалы энергия көздерін пайдаланудың қажеттілігі күн өткен сайын артып келеді. Себебі электр энергиясынсыз ешбір жұмыс атқарылмайды. Далада да, қалада да тіршілік атаулыға жан бітіріп, жарық беріп тұратын электр қуатын күн мен желден өндіруде тың жобалар, ғылыми ізденістер жүзеге аса бастаған. Бұл жолда отандық ғалым, техника ғылымдарының докторы, академик Альберт Болотов ойлап тапқан баламалы энергия өндіруге қажетті құрал – желдік роторлы стансасын қолданудың өрісін кеңейтіп, ғалымның жұмысын жандандырып, баламалы энергия көзін өндіруді талғарлық Бақыт Шәкіров өзіне мақсат еткен.
Республика күні • 23 Қазан, 2023
Егемендік декларациясы: елдікке бастаған тарихи құжат
Ұлт көсемі Әлихан Бөкейхан айтқан мынадай сөз бар: «Біздің іздегеніміз – Алаштың аты бәйгеден келгені. Тірі болсақ, алдымыз үлкен той. Алаштың баласы бұл жолы болмаса, жақын арада өз тізгіні өзінде бөлек мемлекет болар». Алаш көшбасшысы айтқан ұлы той – Қазақ елінің Мемлекеттік егемендігі туралы декларация жарты ғасырдан астам уақыт өткен соң қабылданып, аңсаған азаттыққа қарай алғашқы қадам жасалды.Өткен жылы күнтізбеге ұлттық мереке ретінде қайтарылған Республика күні биыл екінші мәрте кең көлемде тойланады. Біз мейрам қарсаңында елге танымал тұлғалардың басын қосып, Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның маңызы мен мәні, ұлттық мерекенің ел өміріндегі орны жайында әңгімелескен едік. Дәстүрлі дөңгелек үстелге мемлекет және қоғам қайраткерлері Қуаныш Сұлтанов, Мырзатай Жолдасбеков, тарихшы ғалымдар Өмірзақ Озғанбаев, Бүркітбай Аяған, Тілеген Садықов, Ұлттық архив директоры Сағила Нұрланова, Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев, Ғылым және жоғары білім министрлігі Мемлекет тарихы институтының директоры Нұрбек Пұсырманов қатысты.