Қоғам • 03 Қазан, 2025
Геология – тұрақты даму негізі
Астанада Халықаралық геологиялық кеңестің XXVIII сессиясы өтті. Оған Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан елдерінің делегациялары қатысты. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев сессия қатысушыларын құттықтап, геологияның елдің тұрақты экономикалық дамуының негізі екенін атап өтті.
Экономика • 03 Қазан, 2025
Импортқа тәуелділік азайса игі
Мемлекет басшысы Жолдауда экономиканың ең өзекті мәселелерін қозғады, оның ішінде ауыл шаруашылығы мәселесіне де айрықша тоқталды. Президенттің айтуынша, қазіргі ең өзекті міндеттің бірі – агрохабтар және логистика орталықтарын дамыту. Ол үшін шетел инвесторларымен серіктестікті нығайту керек. Сонымен қатар министрліктің мал шаруашылығы саласындағы агробизнесті қолдау жоспарын әзірлеп, нақты қаржыландыру шараларын бастауы да маңызды.
Өндіріс • 03 Қазан, 2025
Сапалы қарақұмыққа сұраныс жоғары
Жасылы деп отырғанымыз, қоңырқай қауызы аршылған қарақұмықтың тап-таза түрі. Өскеменде өндірілетін бұл өнім көбіне шетелге шығарылады. Статистика бойынша Шығыс Қазақстан қарақұмық өсіруден республикада 4-орында тұр. Былтыр өңірде 7 мың гектардан астам жерге қарақұмық егілсе, биыл егіс көлемі тарылған. Алайда өнім мөлшері кеміген жоқ.
Аймақтар • 03 Қазан, 2025
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтің айтуынша, кейінгі жылдары тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға, әлеуметтік нысандар мен инфрақұрылымды дамытуға жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған ауқымды жұмыс қолға алынды. Алдағы уақытта осындай бастамалар жүйелі жалғасып, өңірдің экономикалық әлеуетін арттыру, жастарға жаңа мүмкіндіктер ұсыну, ауылдарды өркендету мәселесі басты назарда болады.
Еңбек • 03 Қазан, 2025
Қарағанды өңірінде тау-кен саласына бүкіл саналы ғұмырын арнаған әулеттер аз емес. Өңірге адал еңбегімен атағы жайылған Абсатовтар әулеті – солардың бірі. Ағайындылардың жалпы еңбек өтілі 300 жылға жуықтайды.