# Тәуелсіздіктің 30 жылдығы

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы • 27 Шілде, 2021

Жанашырлық жасау жолдары қарастырылды

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Көкшетауда Birgemiz республикалық волонтерлер фронт-офисінің өкілдері облыстың волонтерлік корпусымен кездесті.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы • 21 Шілде, 2021

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: Елордада 500-ден астам іс-шара өтеді

Нұр-Сұлтанда жыл басынан бері ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған халықаралық, республикалық, қалалық және аудандық деңгейлерде 300-ден астам түрлі іс-шара өткізілді. Мерейтойлық күнді атап өтудің аралық қорытындылары туралы онлайн-брифингте Нұр-Сұлтан қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратов мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы • 19 Шілде, 2021

«Қайырымды істер марафоны» жалғасып жатыр

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы жүзеге асып жатыр. Биыл «Қайырымды істер марафоны» аясында республикалық және қалалық деңгейде барлығы 953 іс-шара жос­парланып отырса, оның екеуі республикалық, 436-ы қалалық, 549-ы аудандық деңгейде өтеді.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы • 16 Шілде, 2021

Икрам АДЫРБЕКОВ: Басты мақсат – Тәуелсіздігімізді тұғырлы ету

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылды­ғына орай жас мемлекетіміз­дің қалып­тасуына елеулі үлес қосқан мемлекет және қоғам қайраткерлерінің бірі – Икрам АДЫРБЕКОВПЕН әңгімелесудің сәті түсті.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы • 14 Шілде, 2021

Сойли Мякеляйнен-Буханист: Теңдік – фин қоғамының негізі

Қазақстан тәуелсіздігін алған елең-алаң тұста алғашқылардың бірі болып еліміздің тәуелсіздігін мойындағандар қатарында Финляндия да бар еді. Қазіргі таңда екі ел арасындағы қарым-қатынас тұрақты дамып келеді. Бір айта кетерлігі, БҰҰ рейтингінде Финляндия әлемдегі ең бақытты ел саналады. Осы орайда, Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында екі ел арасындағы қарым-қатынас деңгейін және фин қоғамы жетістігінің құпиясын білмек үшін Финляндияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сойли Мякеляйнен-Буханист ханыммен тілдескен едік.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы • 13 Шілде, 2021

Жанға сая жасыл белдеу

Қазақстан Республи­касы­ның Тұңғыш Пре­зиденті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы­мен Нұр-Сұл­тан қала­сы­ның ма­ңын­дағы қо­лайсыз климаттың ахуа­лын жақсарту, қала халқы­ның жайлы өмірі мен демалысына жақсы жағдай туғызу үшін 1996 жылы «Астананың жасыл белдеуін құру» мәселесі қолға алынған болатын.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы • 12 Шілде, 2021

Апатты үйден жаңа пәтерге көшті

Тәуелсіздіктің 30 жыл­дығына орай Орал қала­сында 90 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы • 12 Шілде, 2021

287 мұқтаж отбасына азық-түлік қоржыны тапсырылды

9 шілдеде Қарағандыда «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы мен «Ел тірегі – Елбасы» республикалық акциясы аясында 287 аз қамтылған отбасына азық-түлік жиынтығы табысталды. Атаулы әлеуметтік көмек алғандардың ішінде көпбалалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі балалар да бар.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы • 09 Шілде, 2021

Салт атты экспедиция Семейге келді

«Ат үсті – әулие». Елорда маңындағы Бозоқ қалашығында атқа қонған жігіттер күн жүріп, түн жүріп Жиде­байға – Абайдың туған жеріне жетті. Мың шақырымдық салт аттылар экспедициясын ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Ұлттық Ат туризмі федерациясы ұйымдастырып отыр.

Соңғы жаңалықтар
Фото