Алматыда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттер қорғаныс министрлері кеңесінің 85-отырысы өтті. ...
Мемлекет басшысының халыққа Жолдауын инновациялық жолдау деп айтуға болады. Себебі барлық саладағы жасанды интеллект жіпке тізгендей қамтылған. Бұл алда ЖИ арқасында революциялық жаңалықтар болады дегенді аңғартады. Ол үшін Қазақстан халқы жасанды интеллект ұғымын, оның сан-салалы сырларын, жақсы жағы мен қиындығын біліп алуы керек. 90-жылдары халық нарық экономикасын жете білмей, жайдақ атқа мінгендей күйде болды. ...
Астанада «Цифрлық дәуірдегі мектеп білімі: басты трендтер мен талаптар» атты халықаралық конференция өтті. 1 500-ге жуық педагогтің басын қосқан алқалы жиын осымен 14-рет өткізіліп отыр. Жиынға Ұлыбритания, АҚШ, Финляндия мен Қытайдан беделді сарапшылар келген. Олар оқушылардың цифрлық сауатын арттыру, жасанды интеллектіні оқыту үдерісінде қолдану мүмкіндігін айтып, заманауи технологияның пайдалы тұсы мен сын-қатерін талқылады. ...
Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен Жазушылар одағы Астана филиалы «Қаламгер ұстаханасы» жобасын бастағанын елордалық әдеби-рухани орта жақсы біледі. Осы уақытқа дейін де бірнеше автордың дәрісін тыңдадық. Аталған жобаның кезекті отырысы белгілі әдебиеттанушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сауытбек Абдрахмановтың «Әбіш әлемі» атты дәрісіне арналды. Бір қызығы, енді мұндай елордалық дәрістер қаламгерлер жақын тұратын кітапханаларда өткізіледі. Бұл бас қаланың бар аумағы дәріске қатыса алады дегенді аңғартады. Қаламгер мен кейіпкер арасындағы шығармашылық һәм өмірлік байланыс қалай өріліп, көркемдік сипатқа ұласқанына құрылған сырлы сұхбаттан біз де құр қалмадық. ...
«Бурабай» ұлттық паркінде туристердің жаяу жүруіне арналған «Бөлектау» экологиялық жолы жаңартылды. Тау жотасына, табиғатты тамашалау алаңына бастап баратын бағытта цифрлық шешімдердің қолданылуы оның өзіндік ерекшелігіне айналып отыр. Меймандар жолды QR-кодтарды, аудиогидті, Telegram-ботты қолданып, квест форматында өте алады. ...
Аспантау аясының көркем табиғатын тамашалауға жыл сайын мыңдаған турист жолға шығады. Даңқы әлемге жайылған көрікті Көлсай, Қайыңды көлдері, шұғылалы Шарын шатқалдарына жыл он екі ай келушілер толастамайды. ...
Сарапшылар