Аймақтар • 28 Шілде, 2020

Түлектер тойға жинаған қаржыны қайырымдылыққа жұмсады

377 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жетісуда туған ауылына қол ұшын беруге ниеттенген азаматтар саны да көбейіп келеді. Биыл мектеп бітіргендеріне 30 жыл толған бір топ түлек тойға жинаған қаржыны қайырымдылыққа жұмсауды ұйғарды, - деп хабарлайды egemen.kz.

Түлектер тойға жинаған қаржыны қайырымдылыққа жұмсады

Мәселен Ақсу ауданының Жаңатілеу ауылындағы орта мектепті осыдан 30 жыл бұрын тәмамдаған 1973 жылы туған түлектер биыл бас қосу өткізбек еді. Жұқпалы індет қауіпі төнгенде ол шара кейінге шегерілген екен. Енді тойға жұмсамақ болған жиналған азын-аулақ қаржыға аудандық ауруханада ем алып жатқан науқастар мен дертпен күресіп жүрген медицина қызметкерлері үшін қымыз, шұбат  сатып алып, қой сойып беріпті. Бұл игі іске Қарашілік ауылының тұрғыны, жеке кәсіпкері Амантай Калелов те өз үлесін қосыпты.

"Түлектер аудандық орталық аурухананың провизорлық және жұқпалы аурулар бөліміндегі қызмет ететін медицина қызметкерлері жатқан Е.Сихымов атындағы мектеп интернатына барып, қойдың жас етін, құнарлы қымыз, дәруменге толы жеміс жидек, азық-түліктер мен тәттілер тарту етті. Ақ халатты абзал жандарға қолдау көрсетіп, қолдарынан келген көмектерін көрсетіп жатқан жомарт жандарға алғысымыз шексіз", - дейді Ақсу ауданының әкімі Есім Базарханов.


Алматы облысы