Облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі басшысының орынбасары Самат Құмашевтың айтуынша, енді оны іздеу 15 ақпанда тоқтатылды.
«Өкінішке қарай, іздестіру жұмыстарынан нәтиже болмады. Он күнде Жайық өзенінің екі жағалауындағы елді мекендер, Атырау қаласының аумағы, туристік базалар мен қыстаулар, саяжайлар тексерілді. Сондай-ақ, қараусыз қалған құрылыс нысандарына, құдықтар мен траншеяларға барлау жасалды» дейді Самат Құмашев.
Оның мәліметінше, іздестіру жұмысына арнайы көліктер, тікұшақ, қызметтік иттері бар кинологтар тобы, еріктілер тартылыпты.