Оның басты міндеті - кеңестік кезеңдегі саяси қуғын-сүргін құрбандарының барлық санатына қатысты тарихи әділеттілікті қалпына келтіру.
Жақында Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақыт Есімованың төрағалығымен облыстық комиссияның бірінші кеңейтілген отырысы болып өтті.
Отырыс барысында ведомствоаралық өзара іс-қимыл, зерттеу жұмысын ұйымдастыру және облыс бойынша жүргізілетін жұмыстардың нақты мақсаты мен міндеттерін айқындау мәселелері талданып, қарастырылды.
Облыстық комиссия құрамына ғалым-тарихшы мен өлкетанушылар, мемлекеттік орган және азаматтық қоғам өкілдері арасынан 23 адам іріктеліп алынды. Комиссия мүшелері өз құзыреті шегінде саяси қуғын-сүргін құрбандарын, оның ішінде әскери қызметшілер мен тұтқындарды заңдық және саяси ақтау жұмыстарын жүзеге асыратын болады.
Ол үшін арнайы облыстық және аудандық мұрағаттарда қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтар туралы құжаттаманы анықтау, далалық зерттеулер жүргізу, қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтардың ұрпақтары мен туыстарынан сұхбат алу, қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтар туралы құжат, фотоматериалдар мен өзге де құжаттаманы жинау жұмыстары ұйымдастырылмақ.
Осыған байланысты әкімшілік-ұйымдастырушылық, зерттеу және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын қамтитын 3 жұмыс тобы құрылды, олардың жұмысы мемлекеттік органдардың қолдауымен жүргізіледі.
Комиссия мүшелерінің пікірінше, бастапқы кезеңде, жаппай жерлеу орындары мен ақталмаған азаматтардың есімдерін анықтау үшін аудандарға тұрақты түрде жұмыс істейтін экспедицияларды жіберу қажет.
Облыс әкімнің орынбасары Бақыт Есімова өз сөзінде:
- Болашақ үшін есте сақтау және тарихи әділеттілікті орнату - біздің азаматтық парызымыз. Ал біздің жұмысымыздың нәтижесі – ұрпағымызға қалдыратын мұра, - деп атап өтті.