Үкімет • 17 Наурыз, 2021

Қауіпсіздік Кеңесінің бірнеше лауазым иесі қызметтен босатылды

479 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елбасының ресми сайты Қауіпсіздік Кеңесінің екі лауазым иесі қызметтерінен босатылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Қауіпсіздік Кеңесінің бірнеше лауазым иесі қызметтен босатылды

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының шешімдерімен басқа жұмысқа ауысуларына байланысты:

Русланбек Кеңесбекұлы Бекжігітов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Қауіпсіздіктің жалпы мәселелері бөлімінің меңгерушісі қызметінен;

Ерлан Сатыбайұлы Абдақасов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығының меңгерушісі қызметінен босатылды», делінген хабарламада.