Білім • 11 Мамыр, 2021

Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау қалай өтеді?

1897 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде  9 және 11 сынып түлектері үшін соңғы қоңырау рәсімін өткізуге рұқсат беріледі. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты,  деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау қалай өтеді?

«Соңғы қоңырау 25 мамырда оқу жылының үшінші тоқсанынан бері офлайн режимде оқып жатқан 9 және 11 сынып түлектері үшін өткізіледі. Сондай-ақ эпидемиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, 25 мамырға арналған іс-шаралар, соңғы қоңырау және биыл маусымның ортасында өтетін аттестат тапсыру офлайн режимде өтеді деп жоспарлап отырмыз», деді министр аппарат жиналысында.

Ол мектеп директорлары, білім бөлімдері мен білім басқармаларына барлық санитарлық-эпидемиологиялық талапты сақтай отырып, іс-шараны ұйымдастыруды тапсырды.

Айта кетейік, 2020 жылы Қазақстан мектептеріндегі соңғы қоңырау рәсімі ата-аналардың қатысуынсыз өткізілген болатын.