Оқиға • 07 Маусым, 2021

Түркістанда тау шатқалында адасып кеткен үш адам құтқарылды

371 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында тау шатқалында адасып кеткен үш адам құтқарылды. Бұл туралы Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістанда тау шатқалында адасып кеткен үш адам құтқарылды

Алтыншы маусым күні сағат 21.00 шамасында Түркістан облысы Төлеби ауданында орналасқан Біркөлік шатқалындағы сарқырамаға бет алған үш жігіт адасып кеткен. Жігіттердің адасып кеткені туралы хабарлама 6 маусым күні сағат 15.40-та Түркістан облысы Төлеби ауданының өрт сөндіру қызметіне келіп түскен.

Үшеуі де бірге демалуға келген Сарыағаш ауданының тұрғындары екені анықталып отыр. Одан бөлек, тау шатқалында адасып кеткендердің 1994 жылы туған, 1993 жылы туған және 1994 жылы туған жігіттер екені белгілі болған.

Құтқарушылар тікұшақпен іздеу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде сағат 17.25-те адасып кеткен жігіттер табылып, құтқарылған. Жарты сағаттан соң олар Шымкент қаласындағы әуежайға жеткізілген.

Тау шатқалына демалысқа барып адасып кеткендердің айтуынша, демалушылар Біркөлік шатқалы бағытындағы тауларға сарқырамаға дейін барып, адасып кеткен. Қайтып келе жатқанда олардың біреуі ауырып қалып және олар өздігінен таудан түсе алмайтынын түсінген.

«Сағат 16:33-те зардап шеккендерді құтқару үшін жедел штабтан Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазавиаспас» АҚ Mi-8AMT UP-MI871 ұшағы және Түркістан обылысы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары, подполковник Е. Сарыбаев, жедел құтқару жасағынан 6 құтқарушы жіберілген. 17:25-те тікұшақпен іздеу жұмыстары кезінде үш адам табылып, құтқарылды. Кешкі сағат 17:55-те құтқарылған адамдар Шымкент қаласының әуежайына жеткізілді», делінген хабарламада.