Аюпов Рашид Абатұлы 1981 жылы дүниеге келген.
Академиялық Инновациялық Университетінің заң факультетін бітірген, информатика және мемлекеттік басқару саласындағы бакалавр дәрежесі бар. 2015 жылы Лондондағы Queen Mary University университетінің мемлекеттік басқару магистрі дәрежесін алды.
Еңбек жолын 2003 жылы бастады.
2006 жылдан 2009 жылға дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Ақпарат және тестілеу орталығы» мемлекеттік мекемесінде басшы қызметтерінде жұмыс атқарды.
2009 жылдан 2013 жылға дейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
2015 жылы Шымкент қаласының әкім аппаратының басшысы болып тағайындалды.
2017 жылдан 2018 жылға дейін «Нұр Отан» партиясының өкілі ретінде Қазақстан Республикасының Үкіметінде және «Nur Otan» ХДП Орталық аппаратының Ақпараттық-технологиялық орталығының меңгерушісі қызметін атқарды.
2018 жылдың 19 қыркүйегінен бастап Түркістан әкімі лауазымына тағайындалғанға дейін «Shymkent «ӘКК» АҚ Басқарма төрағасы болды.
Түркістан қаласының әкімі Рашид Абатұлы Аюпов Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің орынбасары болып тағайындалды.
Аида Балаева Мақтұмқұлы Пырағы атындағы халықаралық әдеби сыйлық тағайындауды ұсынды
Әдебиет • Бүгін, 09:13
Ел азаматтарының мобильді аударымдары әзір бақыланбайды – Қаржы министрлігі
Қоғам • Бүгін, 08:27
Алматыда жер сілкінісін ескерту жүйесі қашан іске қосылады?
Алматы • Бүгін, 07:18
Қазақстанның бірнеше өңірінде 19 мамыр күнгі ауа райына байланысты ескерту жасалды
Ауа райы • Бүгін, 06:31
Ераға тұрған үйге ескерткіш-тақта орнатылды
Тұлға • Кеше
Мемлекет басшысы БАӘ Президентімен телефон арқылы сөйлесті
Президент • Кеше