«Қайғылы оқиға 12 маусымда сағат 17:00 шамасында Теңіз кенішіндегі зауыттардың бірінің аумағында болған. Үйілген топырақтың жанында 1987 жылы туған жүргізуші «Шахман» маркалы ауыр жүк тасымалдау автокөлігімен 29 жастағы қызметкерді басып кеткен. Қызметкер оқиға орнында қаза тапты», деп мәлімдеді департаменттің баспасөз қызметі.
Қазір аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 156-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.