Ұлттық спорт • 16 Қыркүйек, 2021

Көкпардан ҚР жастар чемпионатының жеңімпазы анықталды

348 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысында 2000-2003 жылдары дүниеге келген жастар арасындағы көкпардан ел чемпионаты өтті, деп жазады Egemen.kz.

Көкпардан ҚР жастар чемпионатының жеңімпазы анықталды

ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен сайысқа еліміздің әр өңірінен 12 команда қатысты.

Тартысты өткен додада төртінші орынды Түркістан облысы түйіндеді,  үшінші орынды Шымкент қаласының құрамасы алды.  Екінші орынға Алматы қаласы табан тіреді. Ал Жамбыл облысының «Әулие ата» құрама командасы XV рет өткен Қазақстан Республикасы Жастар чемпионатының жеңімпазы атанды.