Спорт • 22 Қазан, 2021

Әлем чемпионатына Қазақстанның әйелдер командасының құрамы іріктелді

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бас бапкер Калоян Петков Грекия мен Францияға қарсы 2023 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі өз алаңында өткізетін матчтарына шақырылған футболшылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлем чемпионатына Қазақстанның әйелдер командасының құрамы іріктелді

«22 қазан күні сағат 17:00-де Қазақстан құрамасы Грекия құрамасымен кездеседі. Ал 26 қазанда 21:00-де Францияға қарсы ойнайды», деп хабарлайды ҚФФ баспасөз қызметі.

Екі кездесу де «Астана Арена» стадионында өтеді. Қазақстандық футболшылар бұл кездесулерге келесі құрамда шығады.

Қақпашылар: Ирина Саратовцева, Ангелина Портнова.

Қорғаушылар: Александра Бурова, Бибігүл Нұрышева, Құндыз Қожахмет, Анастасия Власова, Жансая Козиева.

Жартылай қорғаушылар: Бегайым Қырғызбаева, Фатима Сатығалиева, Ксения Хайрулина, Карина Жұмабайқызы, Мәдина Жанатаева, Әселхан Тұрлыбекова, Айша Садықова.

Шабуылшылар: Светлана Бортникова, Алина Лозукова, Сәуле Кәрібаева, Әсел Көбесова.