Әдебиет • 10 Ақпан, 2022

Роллан Сейсенбаев «Әлемнің алтын жазушысы» атанды

572 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық Өнер Орталығы Radius (Америка), Халықаралық Өнер Орталығы Pegasus Brucke, сонымен бірге он мемлекеттің Халықаралық Қоғамдық ұйымдары Қазақ жазушысы Роллан Сейсенбаевқа «Әлемнің алтын жазушысы» атағының дипломын табыс етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Роллан Сейсенбаев «Әлемнің алтын жазушысы» атанды

Бұл жоғары атақ жер шарының озық ойлы көрнекті жазушыларына, киелі рухани еңбектері мен қуатты шығармашылық ұмтылыстары үшін тағайындалған.  Олардың кітаптары, адамзат баласының кең тынысты, еркін өмірінің шарықтауына жол ашуымен құнды.