Футбол • 03 Наурыз, 2022

«Барселона» басшылары Холланд үшін бар ақшасын шашуға дайын

367 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Испанияның «Барселона» футбол клубы германиялық «Боруссия» командасының шабуылшысы Эрлинг Холландты команда қатарына қосу үшін бар қаржысын шашуға дайын, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Барселона» басшылары Холланд үшін бар ақшасын шашуға дайын

Деректерге сенсек, каталониялық команданың жетекшілері футболшының агенті Мино Райоламен де, Эрлинг Холландтың өзімен де келіссөздер жүргізуді бастаған көрінеді. Бұл туралы Mundo Deportivо ақпарат таратты. Испаниялық ұжым бес жылдық келісімшарт негізінде футболшыға 195 миллион еуро төлеуге дайын. Норвегиялық футболшы алғашқы жылы 20 миллион еуроны қанағат тұтса, әрі қарай алатын сомасы жыл өткен сайын арта түседі.