Аймақтар • 20 Наурыз, 2022

Қылмыстық іс қозғалды

414 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Петропавлдағы жылу-электр орталығындағы апат бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ондағы жұмысшылардың бірі әлі табылар емес, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қылмыстық іс қозғалды

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге зер салсақ, ЖЭО-дағы түтін мұржасының жартылай құлауына байланысты облыс әкімі жедел штаб құрған. Онда қала тұрғындарын жылумен қамтуға қатысты барлық жұмыстар атқарылуда. Қазіргі сәтте бір жұмысшы – машинист-қараушы табылар емес. Облыс прокурорының нұсқауымен арнайы құрылған жедел-тергеу тобы да іске кіріскен. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған.