Қоғам • 11 Сәуір, 2022

Қаңтар оқиғасы: 377 қылмыстық іс тоқтатылды

454 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов қаңтар оқиғасы бойынша қаралып жатқан істер туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қаңтар оқиғасы: 377 қылмыстық іс тоқтатылды

«Бүгінде ішкі істер органдары тергеушілерінің өндірісінде 1090 қылмыстық іс бар. Қазір 165 адам қамауда, олардың барлығы ауырлататын мән-жайлар кезінде ауыр және аса ауыр қылмыстар жасады. Жеке басын ескере отырып, 315 күдікті қамаудан босатылды. Бұл – алғаш рет қылмыс жасағандар және өз кінәсін мойындаған адамдар», деді С. Әділов.

Оның айтуынша 377 күдіктіге қатысты қылмыстық істерді тергеу аяқталып, сотқа берілген.

«Олардың көбі ұрлық жасағандар – 196 адам. Қарудың заңсыз айналымына күдіктілер – 39, тонау, ұрлау және ұсақ ұрлық жасағандар – үшеу», деді ол.

ІІМ өкілінің ақпаратына сәйкес бүгінге дейін ел соттары 168 адамды соттаған. Олардың көпшілігіне қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазалау шаралары бекітілген.