Оқиға • 10 Маусым, 2022

Өскеменде жоғалған жасөспірімнің өлі денесі табылды

752 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскемен қаласындағы Үлбі өзенінен із-түзсіз жоғалып кеткен 17 жастағы жігіттің мәйіті табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Өскеменде жоғалған жасөспірімнің өлі денесі табылды

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 3 маусым күні жасөспірімнің жоғалғаны туралы полицияға хабар түсті. Белгілі болғандай, ол үйден белгісіз бағытта шығып кетіп, сол күйі оралмаған.

«Жедел-іздестіру жұмысына еріктілер де атсалысты. Соның нәтижесінде 17 жастағы жігіттің денесі Үлбі өзенінен табылған», деп хабарлады ведомство өкілдері.

Бірқатар медициналық сараптама тағайындалды. Жасөспірім өліміне не себеп болғаны анықталып жатыр.