Red Wings мәліметіне сәйкес, аталған бағытта сыйымдылығы 100 орындық ресейлік SSJ 100 лайнерлері іске қосылады. Рейстер Жуковский халықаралық әуежайынан (Мәскеуден оңтүстік-шығысқа қарай 20 шақырым) орындалады.
Мәскеу - Ақтөбе рейстері 29 шілдеде басталып, жұма күндері, ал Ақтөбе - Мәскеу рейстері 30 шілдеден сенбі күндері орындалады.
Ақтөбе Red Wings Мәскеуден ұшатын Қазақстанның төртінші қаласы болады. Сәуірден бастап әуе компания Жуковскийден Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларына, шілдедің басынан бастап Ақтауға рейстер орындайды.