Әлем • 05 Қыркүйек, 2022

АҚШ елшісі Мәскеуден кетті

127 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұрынғы президент Дональд Трамп тұсында тағайындалған АҚШ-тың Ресейдегі елшісі Джон Салливанның мерзімі аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

АҚШ елшісі Мәскеуден кетті

«АҚШ-тың Ресей Федерациясындағы елшісі Джон Салливанның қызметі аяқталып, бүгін Мәскеуден кетті», деп жазылған елшіліктің сайтында.

Салливан елші болып 2019 жылы желтоқсанда тағайындалған. АҚШ-тың Ресейдегі елшісі болып үш жылға жуық қызмет етті.   

Жаңа елші келгенге дейін оның қызметін елшінің орынбасары Элизабет Руд атқарады.