Кәсіпқой бокс • 12 Қыркүйек, 2022

Геннадий Головкин Лас-Вегасқа барды

207 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Сауль «Канело» Альваресқа қарсы жекпе-жекке финалдық дайындық үшін Лас-Вегасқа жол тартты. Бұл жайлы ол өзінің Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Геннадий Головкин Лас-Вегасқа барды

«Жекпе-жек аптасына дайынбыз», деп жазды Головкин.

Еске сала кетсек, үшінші жекпе-жек 17 қыркүйекте Лас-Вегас қаласында өтеді. Көптен күткен дүбірлі додада IBF, WBC, WBA Super және WBO нұсқалары бойынша абсолютті чемпион атағы сарапқа салынады.