Қазақстан • 11 Қазан, 2022

Биыл 21,6 млн тонна астық бастырылды

299 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осы жылдың тоғыз айында ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 6,9%-ға ұлғайып, 6,8 трлн теңгені құрады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биыл 21,6 млн тонна астық бастырылды

«Бұл өсім өсімдік шаруашылығы өнімін өндіру көлемінің 11%-ға және мал шаруашылығы өнімінің 1,1%-ға ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді», деп түсіндірді Ербол Қарашөкеев.

Министрдің айтуынша, бүгінде дәнді дақылдарды жинау науқаны аяқталу сатысында (Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарында аяқталды).

«10 қазандағы жағдай бойынша облыс әкімдіктерінің жедел деректеріне қарағанда, 15,9 млн га астық жиналды немесе барлық астық алқабының 99,5%, орташа өнімділігі 13,5 ц/га бункерлік салмақта 21,6 млн тонна астық бастырылды», деп нақтылады Е.Қарашөкеев.