Үкімет • 11 Қаңтар, 2023

Роман Скляр жұмыс сапарымен Мәскеуде болды

196 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2023 жылғы 9-10 қаңтарда Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр бастаған қазақстандық делегация Мәскеуге жұмыс сапарымен барып қайтты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Роман Скляр жұмыс сапарымен Мәскеуде болды

Делегация құрамына Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев, Үкімет Аппараты басшысының бірінші орынбасарының м.а. Ғабит Сыздықбеков, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма бөрағасы Нұрлан Сауранбаев кірді.

РФ Үкіметі төрағасының орынбасарлары Марат Хуснуллин, Денис Мантуров, Александр Новак, Алексей Оверчукпен, РФ көлік министрі Виталий Савельевпен кездесу барысында отын-энергетика кешеніндегі ынтымақтастықтың өзекті мәселелері, мұнай және газ химиясы, электр энергетикасы салаларындағы өзара іс-қимылдың қазіргі жағдайы мен перспективалары талқыланды.

Атап айтқанда, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» және «Солтүстік – Оңтүстік» көлік-логистикалық маршруттарын дамыту, жаңа теміржол желілерін салу, Қазақстан-Ресей шекарасындағы автомобиль жолдары мен өткізу бекеттерін реконструкциялау тақырыптары қозғалды.

Сонымен қатар кездесуге қатысушылар өнеркәсіп кооперациясы, атап айтқанда, автомобиль жасау, тау-кен металлургия, агроөнеркәсіп кешеніндегі бірлескен жобаларды іске асыру мәселелеріне тоқталды.

Келіссөз қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді экономикалық ынтымақтастық қағидаттарын ұстанып, өнеркәсіптік, сауда-экономикалық, инвестициялық салаларда неғұрлым тығыз жұмыс істеу мақсатында қосымша мүмкіндіктер құру жөніндегі бірлескен шараларды іске асыруға ниетті екенін білдірді.

Ресей тарапы «Иннопром. Қазақстан» халықаралық өнеркәсіп көрмесіне қатысатынын растады. Оны 2023 жылғы 23-25 қыркүйек аралығында Астанада өткізу жоспарланып отыр.