Қоғам • 13 Қаңтар, 2023

Төрт өңірде көлік қозғалысы шектелді

174 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторы 2023 жылдың 13 қаңтарында төрт облыста көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілгені туралы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Төрт өңірде көлік қозғалысы шектелді

QazAvtoJol хабарлағандай, 11:15-тегі жағдай бойынша еліміздің төрт облысында орын алған қолайсыз ауа-райына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың жеті учаскесінде қозғалыс уақытша шектелді.

Автожолдарды тазарту үшін 250 бірлік жол-пайдалану техникасы мен 350-ден астам жұмысшы жұмылдырылды. Тәулігіне 900 текше метр мұзға қарсы материал жұмсалды.

Сондай-ақ ұлттық оператор 13 қаңтарда Павлодар облысының Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында келесі бағыттар бойынша қозғалыс шектелгенін атап өтті:

  • Астана – Ерейментау – Шідерті автожолының 205-259 шақырымы (Ақмола облысының шекарасынан Шідерті кентіне дейін);
  • Қалқаман - Баянауыл - Үміткер - Ботақара автожолының 0-231 шақырымы (Қалқаман кентінен Қарағанды облысының шекарасына дейін).