«Қазақстан Республикасының аумағынан пияз әкетуге үш ай мерзімге тыйым салу енгізілсін», делінген Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығында.
Ведомствоға бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияға хабарлау тапсырылды.
17 қаңтарда министрлік сыртқы сауда саясаты және экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия пияздың Қазақстаннан жаппай шығарылуын болдырмау және оның бағасын тұрақтандыру экспортқа тыйым салу туралы шешім қабылдағанын хабарлады.