Президент • 03 Ақпан, 2023

Президент Байзақ ауданында жаңадан ашылған мектепке барды

295 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев Байзақ ауданында жаңадан ашылған Көктал орта мектебіне барды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Байзақ ауданында жаңадан ашылған мектепке барды

Мектеп материалдық-техникалық жағынан толық жабдықталған, атап айтқанда 32 оқу кабинеті, 4 компьютер кабинеті, 2 лингофон кабинеті, 1 робототехника кабинеті, 1 спорт залы, шеберханасы, кітапханасы, медициналық пункті және асханасы бар. Сондай-ақ мектепте маңайдағы ауылдардан қатынап оқитын балалар үшін көлік тасымалы ұйымдастырылған.

2023-2025 жылдары «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Жамбыл облысында 9500 орындық 13 мектеп салу жоспарланып отыр. Оның сегізі келесі жылы пайдалануға беріледі.

Айта кетсек, Президент жүктеген тапсырма аясында 2023-2025 жылдары «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында республика бойынша 800 мың оқушыға арналған 400-ден астам мектеп салынады.