Сенат • 07 Ақпан, 2023

Сенатта қылмыстық істер жөніндегі халықаралық ынтымақтастық туралы заңдар қаралды

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Сенат депутаттары Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысына қатысты. Жиында қылмыстық құқық бұзушылық рәсімдерінде өзара құқықтық көмек көрсетуге және сотталған адамдарды беруге қатысты заңдар талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сенатта қылмыстық істер жөніндегі халықаралық ынтымақтастық туралы заңдар қаралды

Сенаторлардың айтуынша «Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы» заң Қазақстан мен Францияның құзыретті органдары арасындағы қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек алу және көрсету мәселелері жөніндегі қатынастарды реттеуге бағытталған. Депутаттардың айтуынша, аталған заңның қабылдануы екі ел арасындағы ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға септігін тигізеді.

Бұдан басқа, «Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды жазасын одан әpi өтеу үшін беру туралы шартты ратификациялау туралы» заңда бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды жазасын өтеу үшін беру ұсынылып отыр. Заңның қабылдануы жазаны орындау мақсатына тиімді қол жеткізуге және сотталған адамдардың қоғамға қайта кірігуіне одан әрі жәрдемдесуге ықпал етпек.

Сенаторлар комитеттің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша заңдарды Палатаның қарауына жіберу туралы шешім қабылдады.