Спорт • 02 Наурыз, 2023

Шавкат Рахмонов: Головкин өте мықты боксшы, бірақ...

14636 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

UFC-де өнер көрсететін Шавкат Рахмонов «Матч ТВ» арнасына берген сұхбатында отандасы Геннадий Головкин туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Шавкат Рахмонов: Головкин өте мықты боксшы, бірақ...

Тілші спортшыдан боксшы Головкинмен байланысы жайлы сұраған. 

«Ортақ таныстарымыз бар, алайда жеке сөйлескен емеспіз. Ал жекпе-жектерін үнемі тамашалаймын», деді Шавкат Рахмонов.

Тілшінің қосымша сауалына жауап беру кезінде файтер отандасының өнерін қандай мақсатта тамашалайтынын да атап өтті.

«Гена - өте мықты боксшы, бірақ стиль мен тактика жағынан ол өзгеше жұдырықтасады. Әрине, тамашалап отырып та өзіңе қажет кішкене де болсын бірдеңе үйренуге болады. Дегенмен көбіне спортшылардың жекпе-жектерін қарсыластарын қалай сабағанын көру ұнағандықтан немесе күресу әдісін ұнатқандықтан тамашалаймыз ғой... Сондықтан бірдеңе үйрену үшін тамашалаймын деуге келмес», деді ол.