Қоғам • 14 Наурыз, 2023

Боранбаевтың ісі бойынша сот отырысы кейінге қалдырылды

251 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың ісі бойынша сот отырысы кейінге шегерілді. Сот қосымша уақыт беруді сұраған мемлекеттік айыптаушы тараптың өтінішін қанағаттандырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Боранбаевтың ісі бойынша сот отырысы кейінге қалдырылды
Кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың ісі бойынша тараптардың жарыссөзі бүгін, 14 наурызда Астана қаласының №2 Сарыарқа сотында өтуі тиіс еді. Алайда, мемлекеттік айыптаушы-прокурор Бауыржан Шекенов өзіне қосымша уақыт беру туралы сотқа өтініш білдіріп, іс бойынша жағдай біршама өзгергенін мәлімдеді.
«ҚР ҚІЖК-нің 340-бабы, 5-бөліміне сәйкес, егер басты сот талқылауы барысында сотталушыға неғұрлым ауыр айып тағу немесе бастапқы айыптан басқа айып тағу қажеттілігі туындаса, сот істі қарауды кейінге қалдырады және прокурорға жаңа айыптау актісін жасау үшін қажетті уақыт береді. Осыған байланысты айыптаушы тарап жаңа айыптау актісін толтыру үшін уақыт беруді сұрап, өтініш білдіреді, өйткені қылмыстық іс бойынша мән-жайлар өзгереді және бұл жаңа актіде көрсетуді талап етеді», деп түсіндірді прокурор Бауыржан Шекенов.
№2 Сарыарқа сотының судьясы Назгүл Бапақова айыптаушы тараптың өтінішін қанағаттандырды. Осылайша, сот отырысы 17 наурызға белгіленді.

Еске сала кетсек, Қайрат Боранбаев пен «Азия Газчунджа» ЖШС-нің негізін қалаушы Роман Нахановқа өздеріне сеніп тапсырылған бөтен мүлікті жымқырды, заңсыз ақшаны және мүлікті заңдастырды, басқа да қылмыстарға жәрдем көрсетті деген айып тағылып отыр.

Аталған іс бойынша сот процесі 2022 жылдың 30 желтоқсанында басталғанын атап өту керек.