Ол қылмыстық әрекетін өткен жылы курьер ретінде бастаған. Алты айдан кейін күдікті синтетикалық және психотроптық заттарды ораумен айналыса бастаған. Берілген нұсқауларға сәйкес ол салмағы 200 грамнан асатын ірі көлемдегі орамаларды әзірлеген. Жігіттің тұрғылықты жері бойынша тінту кезінде «мефедрон» деген жазуымен 500 грамм ерекше иісі бар ұнтақ зат салынған үлкен пакет, таразы, 400 zip-lock пакеттері, 43 түрлі түсті изолента мен қағаз жапсырмалар, 105 дайын есірткі орамдары тәркіленді.
Полицейлер есірткі заттарын жасырып кетумен айналысқан Алматы облысының тумасын ұстады. Жігіттен мефедрон салынған 265 түрлі-түсті орама тәркіленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Атыраулық кәсіпкер танымал әншіні сотқа берді
Өнер • Бүгін, 02:23
Шымкент тұрғыны 100 есекті сойып, етін Қытайға өткізбек болған
Аймақтар • Бүгін, 01:51
Тұншықтырып, ұрған: Тәрбиешілері балаларға озбырлық көрсеткен балабақша жабылды
Аймақтар • Бүгін, 01:18
Алматыдағы мешіттерде ұрлық жасап жүрген адам ұсталды
Қылмыс • Бүгін, 00:12
Өнер • Кеше
Мәдениет • Кеше