Қоғам • 25 Наурыз, 2023

«Ақтауда әскерилер тамағынан құрт шықты»: Министрлік түсініктеме берді

205 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қорғаныс министрлігі Ақтау горнизонындағы әскерилердің тамағынан құрт шыққаны туралы мәліметке түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ақтауда әскерилер тамағынан құрт шықты»: Министрлік түсініктеме берді

«Ақтау гарнизонында сапасыз тамақтандыруды ұйымдастыруға қатысты 2023 жылғы 2 наурызда Қорғаныс министрлігінің арнайы комиссиясы тексеріс жүргізген болатын. Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі, «Ана жүрегі» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Маханбет Жақсыгүлмен, Ақтау қаласының тәуелсіз блогері Рамазан Бибігүлмен бірлесіп жүргізген комиссия жұмысы кезінде азық-түлікте құрт бар туралы ақпарат расталмады. Ақтау гарнизоны прокурорының қатысуымен мерзімді қызметтегі әскери қызметшілермен әңгімелесу кезінде жеке құрам ас ішетін асханаларда жәндіктердің болуын бірауыздан жоққа шығарды», делінген ресми мәліметте.

Министрлік мәліметінше, әскери қызметшілер арасында әзірге ешкім әзірленген тағамға қатысты шағым түсірмеген.

«Мақалада айтылған заңсыздықтар туралы мәліметтер шындыққа сәйкеспейді. Қазіргі уақытта Қорғаныс министрлігінің ветеринариялық және санитариялық-эпидемиологиялық қызметтерінің мамандары тамақтануды ұйымдастыруды бақылау саласындағы уәкілетті органдар болып табылады. Олар өткен жылы 300-ден астам тексеру жүргізіп, төрт тамақтануды ұйымдастырушыға қатысты сотқа талап арыздар берген еді. Сот нәтижесінде жеңіске жетіп, мемлекет кірісіне 11 млн теңгеден астам сомаға айыппұл санкциялары өндірілді», деп жазылған министрлік мәліметінде.